Бақыт деген – мақсат емес, әдет

Көп адам бақытты болуды үлкен жетістіктермен байланыстырады. Біреулер жақсы мамандыққа түссем, енді біреулер көп ақша тапсам ғана бақытты боламын деп ойлайды. Алайда бақыт әрқашан болашақта емес, қазіргі өмірімізде болуы мүмкін.
Бақыт – үлкен жеңістерден ғана тұрмайды. Ол таңертең жақындарыңның амандығын көруден, жақсы кітап оқудан, досыңмен әңгімелесуден немесе өз мақсатыңа бір қадам жақындаудан басталады. Кейде адамдар үлкен армандардың соңынан жүріп, өмірдегі кішкентай қуаныштарды байқамай қалады.
Менің ойымша, бақыт – белгілі бір жерге жету емес, өмір сүру тәсілі. Егер адам әр күннен жақсы нәрсе таба білсе, ол өзін әлдеқайда бақытты сезінеді. Өйткені өмір тек болашақтан емес, бүгінгі күннен де тұрады.
Сондықтан бақытты алыс жерден іздеудің қажеті жоқ. Ол біздің күнделікті әдеттерімізде, ойымызда және өмірге деген көзқарасымызда жасырынған.
Мұқият Ақнар




