Бейжіңде Жеңіс шеруі өтті

Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында Қытай халқының жапон басқыншылығына қарсы Керіс­қалыс күресінде және Екінші дүниежүзілік антыфашистік соғысындағы жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шаралар өтті. Бұл оқиға тарихқа құрмет көрсету ғана емес, сонымен бірге Қытайдың бейбіт даму жолына беріктігін, ұлттық егемендік пен аумақтық тұтастықты қорғауға дайын екенін білдіретін әлемге сенімді мәлімдеме.

Мерекелік жиында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин сөз сөйлеп, адамзаттың бүгінгі таңда жаңа таңдау алдында тұрғанын атап өтті: бұл — бейбітшілік пе, әлде соғыс па; диалог па, әлде қақтығыс; ортақ табыс па, әлде «нөлдік ойын» әрекеті ме. Ол Қытай халқы тарихтың дұрыс жағында болып, адамзат өркениетін дамыту жолына адал қалатынын, басқа елдермен бірге ортақ болашақ қоғамдастығын құрғысы келетінін айтты.

80 жыл бұрын Керісқалыс соғысында қытайлық күштер 1,5 миллионнан астам жапон сарбазын жойып, бұл Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі жапон армиясының жалпы шығынының 70%-дан астамын құрады. Қытай халқы әскери және бейбіт 35 миллионнан астам адамынан айырылып, соғыс жеңісіне зор үлес қосты. Енді соғыс күмылганымен, оның сабақтары өз маңызын жоғалтпай отыр.

Қытай өзінің жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосқан үлесін 1990 жылдан бастап 50 мыңнан артық бейбіт құқық қорғаушыларды («көк каскалар») 20-дан астам ел мен аймаққа жіберу арқылы дәлелдеді. Биылғы шеру кезінде олар Тяньаньмэнь алаңынан өтіп, Қытайдың жаңа дәуірдегі мәртебесін паш етті.

2014 жылы Си Цзиньпин Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздікке арналған жаңа жалпы, жан-жақты, өзара тиімді және тұрақты қауіпсіздік тұжырымдамасын ұсынды. Ал 2022 жылы ол жаһандық қауіпсіздік бастамасын жариялап, диалогты, серіктестікті, ортақ табысты алға тартты. Биыл Тяньцзиньде өткен «ШЫҰ плюс» кездесуінде Қытай әділетті әрі тиімді жаһандық басқару жүйесін құруға дайын екенін жеткізді.

Жалпы дамуға қол жеткізуде Қытай Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен бастап «Бір белдеу – бір жол» бастамасына, кейін жаһандық даму, қауіпсіздік, өркениет пен басқару бастамаларына дейінгі ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді.

ХХІ ғасырда әлемде соңғы жүз жылда болмаған өзгерістер орын алуда: жергілікті қақтығыстар мен өңірлік мәселелер бірінен соң бірі туындап отыр. Қытай гегемонияға, біржақты әрекетке, протекционизмге қарсы тұрып, халықаралық әділдік пен заңдылықты қорғауды, БҰҰ Жарғысын құрметтеуді ұсынады.

Қытайдың ұсынған бастамалары — жаһандық даму, қауіпсіздік, өркениет пен басқару — адамзаттың ортақ болашағын құру жолында маңызды бағдар ретінде көрсетілген. Тарихтан сабақ алып, бүгінге тоқталмай, алға — бейбітшілікке, бірлік пен ынтымақтастыққа ұмтылу қажеттігі атап өтілді.