Binance Web3-технология саласындағы әйелдерге қолдау көрсетеді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Binance Web3 саласында белсенді әйелдерге қолдау көрсетіп келеді. Нәзік жандыларға бағытталған білім беру және тәлімгерлік бастамалары арқылы экожүйе бүгінге дейін әлемнің 10-нан астам еліндегі әйел азаматтарды қолдауға 2 миллион доллардан астам инвестиция бағыттады. Бұл игілікті істі Binance әрі қарай жоспарлап, ауқымын Қазақстанда да кеңейтуді жалғастырады.

Binance әйелдерге арналған Web3 білімін құруға және қаржыландыруға ұмтылады.

Экожүйелік қайырымдылық ұйымы 2022 жылы әйелдерге арналған 36 000-нан астам Web3 стипендиясын қаржыландыру үшін 2 миллион доллар бөлді. Ал 2023 жылы әйелдерге бағытталған дәрістерді, бағдарламаларды және стипендияларды қаржыландырады. Криптовалюта иелерінің жалпы санының 37%-ын әйелдер қауымы ғана құрайтындықтан білім осы саладағы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтудің негізгі факторы болып табылады.

Блокчейн саласының мамандарын оқыту бастамасы бір жылдан астам уақыт бұрын қолға алынды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде Binance бас директоры Чанпэн Чжао (CZ) Қазақстандағы білім беру бағдарламаларына экожүйенің қатысын талқылады. 2022 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда блокчейн индустриясы бойынша оқыту бағдарламасы жарияланды. Binance Қазақстан Блокчейн орталығымен, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесе отырып оқыту бағдарламасын Қазақстанның 22 жергілікті университетінде іске қосты. Ең алдымен серіктестер Binance Academy материалдары негізінде білім беру ұйымдарының оқытушыларына білім береді. Келесі кезекте қызығушылық танытқан студенттерге арналған оқыту бағдарламалары ұсынылады.

2022 жылы ниверситеттерде, мектептерде және коммерциялық емес ұйымдарда блокчейн және криптовалюта курстарын оқуға арналған стипендиялар Германия, Нигерия, Кения, Бразилия, Франция, Оңтүстік Африка, Австралия және Украина елінің азаматшаларына берілді. Сондай-ақ, экожүйелік қайырымдылық ұйымы web3 білімі мен қыз-келіншектерді оқытуды қолдау мақсатында Грузияның Инновациялар және Технологиялар Агенттігіне (GITA) 100 000 доллар көлемінде қосымша қайырымдылық мақсатта қаржы бөледі.

Binance компаниясының негізін қалаушы және бас маркетинг директоры Хэ Йи:

«Бұл саладағы санаулы-ақ көшбасшы әйелдердің бірі ретінде мен Binance Charity және Binance Academy басты миссиясы әйелдер қауымына web3 және blockchain технологияларын үйренуге көмектесу деп есептеймін. Білім беру және тәжірибеден өту бойынша біздің бағдарламаларымыз жас келіншектерге қажетті ілім мен дағдыларды кеңейтуге бағытталған. Өз кезеңінде бұл дәрістер саладағы оңтайлы өзгерістерге ықпал етеді. Біз әрбір идея авторы жан жынысы немесе жасына қарамастан көшбасшы болып, әлемді өзгерте алатынына сенеміз. Бұл бастамалар нәтижесінде біздің саладағы инновациялар мен өзгерістердің алдыңғы қатарында нәзік жандылардың саны артады деп үміттенеміз»

Экожүйе блокчейн жобаларындағы әйелдердің санын арттыруды көздеп отыр.

2017 жылы Binance компаниясының негізін Хэ Йи қалап, оны әлемдегі экожүйе саласындағы нәзік жандылар құрған санаулы крипто-валюталық компаниялардың біріне айналдырды. Жетекші крипто-компаниялардың негізін қалаушылар арасында әйелдердің саны 5%-дан аз. 2022 жылғы көрсеткіш бойынша 10 000-нан астам криптовалюта ұйымдарының негізін шамамен 292-сін әйелдер қалады.

Гендерлік алшақтықты одан әрі жою мақсатында Binance өзінің тәжірибе алмасу мен түлектерге арналған алғашқы ресми бағдарламаларын құрды. Бұл дәрістер әйелдер қауымына крипто мансап жолындағы мақсатқа кеңірек қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, компания әйелдерге арналған тәлімгерлік бағдарламаларды, қабілеттерді айқындау бойынша семинарларды, білім беру курстары мен дәрістер арқылы әйелдерге бағыт-бағдар беру және мансаптық кеңестерді ұсынады. Олар салалық тәжірибемен және Web3 саласында мансап құру туралы идеялармен бөліседі.