Бішкек қаласында Еуразиялық топтың 40-пленарлық апталығы өтті

Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың 40-пленарлық апталығы өтті.

ЕАТ-ға қатысушы елдердің пленарлық отырысы шеңберінде АЖ/ТҚҚ/ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы ұлттық жүйелерін өзара бағалаудың және олардың прогресіне мониторинг жүргізудің 3-ші раундын өткізу тәртібі бекітілді.

Құжат ЕАТ хатшылығына алдағы жаңа раундта бірінші болып бағалаудан өтетін елдермен практикалық өзара іс-қимылды бастауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Тәжікстан мен Түрікменстанның ілгерілеуі туралы есептер, ЕАТ-тың 2025 жылға арналған бюджеті мақұлданды, Еуразиялық өңірде АЖ/ТҚ тәуекелдерін азайту жөніндегі жоспардың іске асырылу барысы қаралды.

Сонымен қатар Пленарлық отырыста Жапонияның ЕАТ бақылаушысы мәртебесін алуға өтінішін мақұлдады.

ЕАТ елдері ФАТФ стандарттары бойынша семинарға қатысты, онда кейбір ұсыныстарға енгізілген және жоспарланған өзгерістер егжей-тегжейлі түсіндірілді.

29 мамырда 40-шы пленарлық апта аясында Парламентарийлердің III форумы өткізілді, оның барысында ЕАТ-ға қатысушы елдердің заң шығарушы билік өкілдері АЖ/ТҚҚ саласында жүргізіліп жатқан заң шығару қызметі туралы пікір алмасты.

Қаржылық мониторинг агенттігінің делегациясы қаржылық барлау бөлімшелері басшылары кеңесінің 27-ші отырысына, Каспий маңы өңірі елдерінің бейресми кездесуіне және екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін басқа елдердің қаржылық барлау бөлімшілерімен бірқатар кездесулерге қатысты. Агенттіктің AML Академиясы ағымдағы қызметі жайлы баяндады.

Ауқымды іс-шараға:

  • ЕАТ мүше мемлекеттердің: Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан делегациялары;
  • бақылаушы мемлекеттер мен шақырылған юрисдикциялардың делегациялары: Әзірбайжан, Армения, Иран, Моңғолия, Сербия, Жапония және АҚШ;
  • халықаралық ұйымдар: ФАТФ, СРПФР, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ЕАДБ, ЕҚДБ, БКБОП, ТМД АТО және БҰҰ бейіндік комитеттері қатысты.

Қаржылық мониторинг Агенттігінің Төрағасы Д. Малахов бастаған Қазақстан Республикасы делегациясының құрамына Сот Әкімшілігінің, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, сондай-ақ АХҚО комитетінің, «Алтын Банк» АҚ және AML Академиясының өкілдері кірді.