Битрикс24 Қазақстан нарықта алғаш рет вайбкодингке арналған платформаны іске қосады

Қазақстандық бизнес енді бағдарламашысыз AI-әзірлеуге көшуде: «Битрикс24 Вайбкод» жаңа жаңартуы маркетологтарға, бухгалтерлерге және заңгерлерге небәрі 20 минут ішінде дайын IT-құралдар жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында AI элементтері мемлекеттік басқарудан бастап медицина мен өнеркәсіпке дейінгі барлық негізгі салаларға жаппай енгізілуде. Осы үрдіс аясында «Битрикс24 Қазақстан» компаниясы өзінің «Битрикс24 Вайбкод (AI Beta)» экожүйесінің ауқымды жаңартуын ұсынды. Бұл жаңарту бизнес-процестерді автоматтандыруды түбегейлі жаңа деңгейге шығарып, вайбкодинг тұжырымдамасын күнделікті корпоративтік бағдарламалық қамтамасыз етуге енгізеді.

Вайбкодинг (Vibe Coding) – бағдарламалаудағы революциялық тәсіл. Мұнда код жазу толықтай AI-агенттерге жүктеледі, ал пайдаланушы процесті қарапайым мәтіндік командалар арқылы басқарады. «Битрикс24 Вайбкод (AI Beta)» жаңа технологиялық шешімі бухгалтерлер, заңгерлер және маркетологтар сияқты код жазбайтын қызметкерлерге 20 минут ішінде толыққанды қосымшалар, чат-боттар және микросервистер жасауға мүмкіндік береді.

«Жаңартудың басты ерекшелігі – бізде енді вайбкодингке қажетті толық инфрақұрылым бар. Барлығы алдын ала бапталған және жұмысқа дайын. Кез келген қызметкер чат ашып, жасанды интеллектпен қарапайым тілде сөйлесуді бастаса жеткілікті – сервер іздеудің, баптаулармен әуре болудың немесе күрделі нұсқаулықтарды оқудың қажеті жоқ. Жүйе бастапқыдан қауіпсіз, дайын серверлерде жұмыс істейді және компанияның нақты деректерін тікелей пайдаланады. Мұндай құралдың пайда болуы отандық бизнеске үлкен бәсекелік артықшылық береді», – дейді «Битрикс24 Қазақстан» директоры Сармантай Касенов.

OpenClaw: Битрикс24-ке интеграцияланған алғашқы автономды AI-агент

Релиздің негізгі технологиялық серіктестігі  – open-source OpenClaw AI-агентімен толық интеграция. Агентті «Битрикс4» экожүйесіне қосу бірнеше рет шерту арқылы жүзеге асады: ботқа атау беріп, оның қолжетімділік деңгейін анықтау жеткілікті.

OpenClaw 24/7 режимінде жұмыс істейді, корпоративтік мессенджердегі сұраныстарды өздігінен түсініп, CRM, міндеттер, күнтізбе және поштадағы күрделі әрекеттер тізбегін орындай алады.

Практикалық мысал: бухгалтерге өткен тоқсан бойынша контрагенттен салыстыру акті қажет. Соңғы үш айдағы жүздеген хаттарды қолмен тексерудің орнына, ол Битрикс24 жұмыс чатында AI-агентке тапсырма береді: «OpenClaw, «КазИнтерСервис» компаниясынан соңғы салыстыру актін поштадан тауып бер. Олар оны наурыз немесе сәуір айында жіберген. Файлды жүктеп алып, «Есептер 2026» бумасына сақта да, маған сілтемесін жібер».
Тапсырма толықтай автоматты түрде орындалады.

AI жобалары және жаңартылған BitrixGPT 5.5 моделі

Әзірлеушілер жобалық менеджмент тұжырымдамасын түбегейлі өзгертіп, AI жобаларын ұсынды. Енді жобаның негізгі өзегі –  барлық деректерді, файлдарды және міндеттерді біріктіретін бір кеңістік – ақылды чат. Туындаған мәселені тезірек шешу үшін (жоба контекстін тек менеджер ғана білетін жағдай), жүйеге арнайы AI-агент енгізілген. Ол міндеттерді, кездесулер қорытындысын және ішкі диалогтарды үздіксіз талдап, кез келген қатысушыға жоба мәртебесі бойынша жедел ақпарат береді.

Платформаның интеллектуалды экожүйесі BitrixGPT 5.5 жеке тілдік моделіне көшірілді. Оның жаңартулары:

  • Мультимодальдылық: суреттер мен күрделі құжаттарды тікелей талдау
  • Контекст көлемі: ұзын мәтіндерді өңдеу жылдамдығы мен тереңдігі 4 есе артты
  • Web интеграциясы: интернеттен өздігінен өзекті ақпарат іздеу
  • Контекстік қолдау: жүйенің барлық интерфейстеріне енгізілген, пайдаланушының жұмыс аймағын түсінеді және диалог тарихын сақтайды

Операциялық жүйенің терең жаңғыртылуы

«Битрикс24» тек AI функцияларымен шектелмей, қызметкерлер мен коммуникацияларды автоматтандыру үшін бірқатар жаңартулар ұсынды:

  • Битрикс24 Чекин 2.0: мобильді және көшпелі командаларды басқаруға арналған құрал (курьерлер, инженерлер, құрылысшылар). Таңертеңгі мәртебе белгіленгенде, жүйе геолокацияны тіркеп, жұмыс уақытын есептейді
  • AI-жоспарлау және қорытынды: таңертең қызметкерлерге міндеттер жоспарын құрып, кешке атқарылған істер бойынша есеп береді
  • Білім қоры 2.0: AI-іздеу, саммари және өзгерістер дайджестін автоматты түрде жасау
  • Мессенджер және Битрикс24 Синк: сыртқы серіктестермен байланыс, видеоқоңырауларға сілтеме арқылы қосылу, AI арқылы автоматты follow-up
  • Онлайн-жазылым үшін дауыстық AI-қоңыраулары: қызмет көрсету саласы үшін клиенттермен жұмысты автоматтандыру, балама уақыттарды ұсыну

Қазақстандағы бұл ауқымды технологиялық релиз жасанды интеллекттің эксперименттік трендтен нақты бизнес құралға айналғанын көрсетеді. Ол күрделі әзірлеу мен бизнес арасындағы барлық кедергілерді жояды.