«Бозоқтан Ұлытауға дейін» салт аттылар экспедициясы басталады

 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК археологиялық ескерткішті және жалпыұлттық маңызы бар қасиетті нысанды – Бозоқ қалашығын танымал ету мақсатында 2023 жылғы 10 маусымда «Аt-travel» салт аттылар клубымен бірлесіп «Сарыарқаның көне жолдары» республикалық этнографиялық мерекесін өткізуді жоспарлап отыр, онда Алтын Орда кезеңіндегі тарихи-мәдени мұра объектілері бойынша «Бозоқтан Ұлытауға дейін» салт аттылар экспедициясы басталады.

2023 жылы Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) құрылғанына 30 жыл толады. Қазақстан ТҮРКСОЙ 30 жылдығын мерекелеуге белсенді қатысады.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде, сондай-ақ қазақ-түрік экономикалық комиссиясының 11-отырысының хаттамасын орындау мақсатында «Бозоқ» музей-қорығы кешенді қайта құру мақсатында «Бозоқ» ашық аспан астындағы музейді құру жөніндегі тарихи-мәдени жобаны іске асыру мәселелері бойынша Түркияның ынтымақтастық және үйлестіру агенттігімен (бұдан әрі-TIKA) өзара белсенді іс-қимыл жасайды.

Түркияның оңтүстік-шығыс бөлігінде терең тарихы мен мәдениетімен танымал Bozok деп аталатын қала бар екенін атап өткен жөн.

Этнографиялық мерекені өткізу барысында ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Бозоғынан Түркия Бозоғына дейін» эстафетасы өтеді.

Эстафетаны тапсыру рәсіміне Түркия Республикасы Елшілігінің және TIKA өкілдері қатысады.

Іс-шара Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияның қабылдануының 20 жылдығына (2003 ж.) және Қазақстан Республикасында материалдық емес мәдени мұраны қорғау және дамыту туралы тұжырымдаманың 10 жылдығына (2013 ж.) ортағасырлық «Бозоқ» қалашығын зерттеудің басталуының 25 жылдығына (1998 ж.) арналған.

Іс-шараға сондай-ақ еліміздің ресми тұлғалары: ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, ҚР Мәдениет және спорт министрі Оралов Асхат Раздықұлы, жетекші отандық ғалымдар, археологтар мен этнологтар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, елорданың мектептері мен колледждерінің, тарих мұғалімдері мен білім алушылары қатысады Ақмола облысы мәдениет және даму бөлімінің (Целиноград ауданы), қоғам өкілдері.

Қазақстанның киелі жерлері бойынша «Аt-travel» салт аттылар клубының бастамасымен «Сарыарқаның көне жолдары» атты экспедициясы ортағасырлық екі ескерткішті – «Бозоқ» пен «Ұлытауды» біріктіріп, ат туризмі әуесқойларына осы бағытты ұсынады. Экспедиция Қазақстанда үлкен әлеуетке ие экологиялық туризмді дамытуға бағытталған.

«Ұлытау халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығына айналуы тиіс», — деді Президент Қасым–Жомарт Тоқаев «Ұлытау-2019» халықаралық туристік форумында сөйлеген сөзінде. Мемлекет басшысының пікірінше, Ұлытау қазақ халқының алтын бесігі, қазақстандықтар қастерлейтін тарихтың куәсі.

Материалдық емес мәдени мұраны насихаттау мақсатында «Бозоқ» музей-қорығы «Қымызмұрындық», «Сірге жияр», «Атқа мінгізу», «Тусау кесер» және т.б. этнографиялық мерекелер өткізіп келеді.

Тарихи-мәдени мұра ғалымдардың ғана емес, зиялы қауым өкілдерінің де назарын аударады. Жазушылар, суретшілер мен композиторлар астананың ежелгі тарихына жүгінеді. Сонымен, ҚР Композиторлар одағының төрағасы Серікжан Әбдінұровтың «Бозоқ аруы» атты туындысы, ортағасырлық Бозоқ ескерткішінің археологиялық зерттеулері барысында табылған жауынгер әйелге арналған туынды. Сондай-ақ Камил Муллашевтің «Інжу» картинасы және отандық жазушы Шарбану Бейсенованың «Бозоқ аруы» туындысы дүниеге келді.

Тарихты үнемі насихаттауды қолдайтын ең белсенді қоғамдық бірлестіктердің бірі — «Аt-travel» салт аттылар клубы.

«AT-TRAVEL.KZ» — Атқа міну мәдениеті мен жылқы туризмі әуесқойларының қоғамдық бірлестігі. Ол 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Клуб жетекшісі – инженер, кәсіпкер Берік Ақылбеков. Клуб қатысушылары – түрлі кәсіп өкілдері.

Клуб мүшелері үнемі салт аттылар турын өткізіп, киелі нысандар бойынша маршруттар әзірлейді.

Соңғы 4 жылдан бері «At-travel» клубы салт аттылар экспедициясын (Қорғалжын, Ботай, Жидебай) «Бозоқ» қалашығынан бастауды дәстүрге айналдырды.

Этнографиялық музей мерекесінің бағдарламасы «Бозоқ» археологиялық ескерткішіне экскурсияны қамтиды.

Үш алаңның жұмысы жоспарлануда:

1) Мәдени мұра;

2) Ұлы дала дәстүрлі салт-жоралар тәжірибесі – «Атқа мінгізу», «Қымызмұрындық», т.б.;

3) Қазақтың ұлттық спорт түрлері («Садақ ату» көрсетілімдері).

Экспедиция Астана қаласындағы «Қараөткел» тұрғын алабының солтүстігінде орналасқан Бозоқ ескерткіші аумағында басталып, Ұлытау облысында аяқталады.

Өтетін орны: Астана қаласындағы «Ильинка» тұрғын алабының солтүстігінде орналасқан Бозоқ археологиялық ескерткішінің аумағы.

Басталуы: 2023 жылы 10 маусым, сағат – 11.00.