Чемпиондар лигасының финалын Қазақстанда қайдан көруге болады?

Чемпиондар лигасының финалы десе, көз алдымызға бір ғана көрініс келеді: экран алдында бас қосқан достар, футбол төңірегіндегі қызу айтыс және әр гол мен қауіпті сәттер кезіндегі шынайы эмоциялар. Биыл Freedom Media бұл үйреншікті кештің форматын өзгертіп, одан нағыз ұмытылмас шоу жасамақ!

30 мамыр күні сағат 19:50-де Freedom Media онлайн-кинотеатры Central Stand Up жобасымен бірлесіп, Чемпиондар лигасы финалының эксклюзивті көрсетілімін ұсынады. Көрермендер тек тартысты матчты ғана тамашалап қоймай, танымал комиктер мен қонақтардың әзіліне куә болады. Сондай-ақ бірнеше аптадан бері Threads желісінде қызу талқыланып жатқан үлкен бәстің шешімі де осы кеште белгілі болмақ.

Бәрі Шыңғыс Ермек пен Аңсаған Садырханов атты комиктердің арасындағы кикілжіңнен басталды. Шыңғыс ПСЖ-ға жанкүйер болса, Аңсаған «Арсеналды» қолдайды. Әлеуметтік желідегі футбол дауы тез арада үлкен бәске ұласты: жеңілген адам жаза ретінде қақпаға теріс қарап тұрады да, жеңгені оның артынан футбол добымен 10 рет тебеді.

Комиктер бұл дауды көпшілік алдында бекіткеннен кейін, Central Stand Up пен Freedom Media оны толыққанды бірлескен жобаға айналдыруға шешім қабылдады. Жоба аясында Чемпиондар лигасының финалы көрсетіліп, арнайы қонақтар шақыртылады. Ең бастысы – даудың нәтижесі тікелей эфирде жарияланады!

Матч басталмас бұрын көңілді бағдарламаға дем беріп, финалды комиктер мен шақырылған қонақтармен бірге талқылаймыз!

Freedom Media үшін бұл – спорттық көрсетілімдер форматындағы кезекті жаңа қадам. Бұған дейін онлайн-кинотеатр Чемпиондар лигасының бірнеше матчын бір эфирге біріктірген мультикаст жүйесін сәтті сынақтан өткізген болатын. Ал бұл жолы финалды стендап пен жанды шоу элементтерімен жаңа деңгейге көтеруді жөн көрді.

«Чемпиондар лигасының финалы: Стендап-тартыс» шоу-көрсетілімін 30 мамыр сағат 19:50-де Freedom SuperApp қосымшасындағы Freedom Media-дан өткізіп алмаңыздар!

Трансляцияны 30 күндік жазылым арқылы небәрі 5 ₸-ге тамашалай аласыздар.