Coral Club командасынан мерейтойлық Алматы марафонына қатысушылар саны екі есеге көбейді

Мерейтойлық Алматы марафонына Coral Club командасынан 120 қатысушы шықты. Тегін жүгіру клубы стартқа дайындалуға қалай көмектесті және мәреге жеткеннен кейін не болады.

Он бесінші Алматы марафонына Coral Club командасынан 120 қатысушы шықты – бұл өткен жылғымен салыстырғанда екі есе көп. Халықаралық wellness-компаниясының мәліметінше, бұл – олардың марафонға қатысу тарихындағы ең үлкен командасы. Бұл марафон әрбір бесінші жүгіруші үшін алғашқы ірі старт болды. Команда құрамының ұлғаюына бірнеше ай бойы жүргізілген бірлескен жаттығулар себеп болды. 2026 жылдың жазында компания тегін Coral Run Club клубын іске қосты. Онда қатысушылар түрлі қашықтыққа жүгіруге дайындалып, жүгіру техникасын шыңдады және күш-қуатын дұрыс бөлуді үйренді. Марафонға қарай клуб тұрақты жүгіріп жүргендердің де, жаңадан бастаушылардың да басын қосты.

Команда қатысушыларының көпшілігі 10 шақырымдық қашықтықты таңдады – оны 82 адам бағындырды. Тағы 29 қатысушы жартылай марафонды, ал сегіз адам 42,2 шақырымдық толық марафон дистанциясын жүгіріп өтті. Бір қатысушы скандинавтық жүріс бойынша бағын сынады.

Команда құрамында Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген жүз дистрибьютор мен компанияның он бес қызметкері болды. Оларға тревел-блогер Сандина Бисен, альпинист Ренат Алпысов, спортшы Ернар Рүстенов, сондай-ақ Алишер Кайратов пен Диляра Амреева қосылды.

Қатысушылардың көпшілігіі үшін марафон отбасылық оқиғаға айналды: олар стартқа жақындарымен, соның ішінде балаларымен бірге шықты. Командаға қолдау көрсетуге Coral Club-тың Қырғызстандағы әріптестері де келді. Компанияның мәліметінше, жүгіру жарысына дайындыққа Алматыдағы қызметкерлердің төрттен үш бөлігі қатысқан.

Тамыз бен қыркүйек аралығында Coral Run Club сегіз сенбілік жаттығу өткізді. Қатысушылармен алматылық Training Club негізін қалаушы мен оның жаттықтырушылары жұмыс істеді. Жүгірушілер жүктемені біртіндеп арттырып, қатысушылардың техникасымен айналысты және қарқынды ұстап тұруды үйренді.

Қатысушылар саны әр кездесу сайын арта түсті. Қазіргі уақытта, компанияның мәліметінше, клубта 160 адам бар. Сонымен бірге оның бағдарламасы тек жүгірумен шектелмеді: жаттығудан кейін қатысушылар саябақта йога кілемшелерінде созылу жаттығуларын жасап, кейін жеңіл тамақтануға жиналды.

Дайындық бағдарламасына дене жүктемесіне дейін, жүктеме кезінде және одан кейін ағзаны гидратациялау (сумен қамтамасыз ету) туралы дәрістер де енгізілді. Сонымен қатар компания өзінің Pentokan және H-500 сусындарын дегустациялау шараларын өткізді. Марафоннан кейін де клуб өз жұмысын жалғастыра береді. Қазір клубта тек жүгіру болса, оған тауға шығуды, велосипед тебуді, волейбол мен үстел теннисін қосу жоспарлануда.

Марафон аумағында викторина өтіп, сыйлықтар ұтысқа салынған Coral Club промо-аймағы жұмыс істеді. Жүгіруден кейін қатысушыларға Pentokan сусынын татып көру ұсынылды – бұл белсенділікті компания Tassay-мен бірлесіп ұйымдастырды.

Coral Club PR-менеджері Алия Шанаева команданың ұлғаюын жүгіру клубының ашылуымен және қызметкерлердің, дистрибьюторлардың әрі олардың жақындарының қатысуымен байланыстырады.

Ол «Марафон аяқталғанмен, клуб өз жұмысын жалғастыра береді, біз денсаулыққа қарай алғашқы қадамын жасағысы келетіндердің барлығын шақырамыз», – деп атап өтті.

Команда үшін мерейтойлық Алматы марафоны жазғы дайындықтың қорытындысы болды. Клубтың келесі міндеті – бұндай ірі старт өтіп кеткеннен кейін де тұрақты жаттығуды жалғастыру. Еске сала кетейік, өткен жылы Coral Club компаниясы әлемнің 90 елінен 18,5 мыңнан астам жүгірушінің басын қосқан, рекордтық көрсеткішке жеткен аты аңызға айналған Almaty Marathon 2025 жарысына қатысқан болатын.