Denis Ten Memorial Challenge 2025 әсерлі қойылыммен аяқталды

Алматы бірнеше күн бойы әлемдік мәнерлеп сырғанаудың орталығына айналды. VI халықаралық Denis Ten Memorial Challenge 2025 турнирі мұз айдынында жас таланттардан бастап халықаралық деңгейдегі чемпиондарға дейінгі үздік спортшыларды жинады. Жарыс рухы, шабыт пен Денис Теннің жарқын бейнесіне деген құрмет Қазақстан, Оңтүстік Корея, АҚШ, Грузия, Канада, Швеция, Қытай және басқа да елдердің спортшыларын біріктірді. Бұл турнир тағы да Қазақстанның әлемдік мәнерлеп сырғанау картасындағы орнының берік екенін дәлелдеді.
Гала-шоуда көрермендердің ерекше ықыласына Қазақстан чемпионы Диас Жиренбаевтың «She Won’t Be Mine» композициясына орындаған әсерлі номері бөленді. Әнді жазған – Денис Теннің өзі, ал орындаған – қазақстандық әнші Kyle Ruh. Бұл қойылым финалдық шоудың ең эмоциялық сәтіне айналып, ұлы спортшының таланты мен мұрасын еске салды.
Турнир кезінде Алматыға танымал мәнерлеп сырғанаушылар мен бапкерлер – Максим Траньков пен Татьяна Волосожар, Татьяна Тарасова және Ари Закарян келіп, қатысушылармен кездесіп, Мемориалдың халықаралық деңгейін айқындады.

Турнир жеңімпаздары
Ересектер арасында (ерлер):
Михаил Шайдоров
Ника Эгадзе
Джейсон Браун
Юниорлар (ерлер):
Artur Smagulov
Nikita Kozlov
Kenan Berdibayev
Юниорлар (қыздар):
Geonhee Kim
Minsong Kim
Arina Kalugina
Ересектер (қыздар):
Haein Lee
Ahsun Yun
Madeline Schizas
Мұздағы билер:
Diana Davis / Gleb Smolkin
Oona Brown / Gage Brown
Milla Ruud Reitan / Nikolaj Majorov
Мемориал дәстүрлі гала-шоумен аяқталды. Шараға Денис Тен академиясының тәрбиеленушілері, турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері – Михаил Шайдоров, Ника Эгадзе, Джейсон Браун, Haein Lee, дуэт Diana Davis / Gleb Smolkin, сондай-ақ әлемдік жұлдыздар Максим Траньков пен Татьяна Волосожар қатысты. Финалдық шоу түрлі буын спортшыларын тоғыстырып, Мемориалдың әлемдік мәнерлеп сырғанау қауымдастығы үшін маңызын айшықтады.
Турнирді «Денис Тен қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Бас демеуші – Спортты қолдау қоры, сондай-ақ іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігі қолдау көрсетті.
Жаңалықтар
-
Өңірлік экологиялық саммит – 2026 қорытындылары
24.04.2026, 18:02 -
Дала философиясы: AlmaU-де «Ұлы Дала Академиясы» ашылды
24.04.2026, 16:53
Сайт туралы
NAZARMEDIA — сайты мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ05VPY00115466 куәлігімен ақпарат агенттігі болып тіркелген.
Бізбен байланыс
Тел.: +7 777 971 5767
E-mail: nazarmedia.kz@gmail.com
WhatsApp: +7 777 971 5767
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде Nazarmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді.
Мобильдік қосымша
Сайтымыздың мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.
![]()



