Дипломаттар Қазақ елін Наурыз мерекесімен құттықтады

Қазақстандағы шетел дипломатиялық миссия өкілдері Наурыз мерекесімен құттықтап, игі тілектерін айтып жатыр.
Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі және Алматы мен Ақтөбе қалаларындағы Бас консулдары Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтайды.
Дерек көзі: Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Instagram парақшасы
Үндістанның Елшісі Я.К. Сайлас Тангал ұлттық телеарнада әз-Наурыз мерекесіне орай Қазақстан Республикасының достас халқына жылы лебізін жеткізді. Ол сондай-ақ өткен референдумның сәтті өтуімен құттықтап, елге бейбітшілік, тұрақтылық және инклюзивті даму тіледі.
Сонымен қатар, Үндістан азаматтарымыздың ортақ өркендеуі үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.
Дерек көзі: Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Instagram парақшасы
Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Джули М. Стаффт тарихы терең Наурыз мересінің маңыздылығына тоқталып, өз тілегін білдірді.
Дереккөзі: АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің Instagram парақшасы
Қазақстандағы Еуропа Одағының жаңа Елшісі Алешка Симкич:
“Құрметті достар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын! Наурыз әрбір шаңыраққа бейбітшілік, тыныштық және ынтымақ сыйласын!”
Дерек көзі: Қазақстандағы Еуропа Одағының Instagram парақшасы



