Дөң тау-кен байыту комбинатының фабрикасында шаң басу жүйесі іске қосылды

ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинаты №1 ұсатып-байыту фабрикасының қоймасында қоршаған ортаны қорғау бағдарламасына негізделген стационарлы су бүріккіш жүйе құрастырылды. Жаңа жабдық хромтаулықтардың бірқатар үйлері бұрыннан орналасқан өндірістік учаскенің кең тыныстауына мүмкіндік берді.

Бұл – «Борей» деп аталатын Қазақстандағы кен қоймаларына арналған шаңды басатын алғашқы стационарлық жүйе. Кешеннің негізгі міндеті –  бай кенді ұсақтау учаскесіндегі шаң басу мәселесін шешіп қана қоймай, фабриканың санитарлық-қорғау аймағын да шаңнан тазарту.

– Кезінде фабрика маңында біраз үйлер салынды. Өнеркәсіптік нысаннан тұрғын үй секторларына дейінгі арақашықтық сақталмады, — деді Дөң тау-кен байыту комбинатының бас экологы Ирина Морозова. – Қолданыстағы барлық технологияларды сараптай келе, су шашу арқылы шаң басатын жүйеге тоқтадық. – Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар өткізіп, жабдықтың қалай жұмыс істейтінін бақыладық. Жүйе тұрақты жұмыс істейді және шаңды азайту деңгейі жоғары.

Жүйенің қалай жұмыс істейтініне  тоқталсақ: кенді ұсақтау басталғаннан кейін конвейерде бүріккіштер де іске қосылады. Шаңсыздандыру ұсақ дисперсиялы ылғалды бүрку арқылы жұмыс істейді. Төбеден түскен шаң мөлшеріне қарай себілген су шаң бөлшектеріне себіліп, суды тұндыра бастайды. Оған тек техникалық су пайдаланылады. Бұл су тазарту жүйесі кәсіпорынның қайта өңделген суын кәдеге жаратады. Оған қоса, процесс жұмысшыларды алаңдатпай-ақ, өздігінен автоматты түрде жүре береді.

Жаңа технология жыл бойы жұмыс істейді. Жұмыс режимі – минус 30 градустан +40-қа дейін дейін. Жыл бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жабдықтың барлық элементтері, соның ішінде жоғары қысымды желілер мен бүріккіш коллекторлары жылытылып тұрады. Оған қоса аязда қатып қалмас үшін процесс аяқталғаннан кейін жүйе үрленіп, тазартылады.