Efes Art Space алаңында бір топ суретшілердің көрмесінің тұсаукесері өтті

Efes Art Space алаңында әлемнің және Қазақстанның заманауи шындығындағы әйел тақырыбына арналған көрменің тұсаукесері өтті. «Әйелдерді бейнелейтін әйелдер» атауымен суретшілер Айтуар Әмірханова, Айнұр Малеева, Тамара Изимова, Зарина Мұзатаева, Ксения Тасекеева, Ксения Красноперская, Равиль Нарегеев Қазақстанның қазіргі замандағы әйел портретін ұсынды.

Сан ғасырлар бойы әйел заты және оның бейнесіне өнер тарихында әрдайым назар аударылады. Оның ішкі жан-дүниесі емес, сыртқы келбеті бірінші орынға шықты. Джон Бергер өзінің «Көру өнері» (Ways of Seeing) атты кітабында әйелдің өзгелердің оны үнемі бақылап отыратынын сезіп, оны біле тұра өмір сүруге дағдыланғанын жазады. Бейне – қайта жасалған көрініс. Ол автордың идеясы мен дүниетанымынан құралады.

 Efes Art Space жобасының кураторы Ольга Веселова:

«Efes Art Space 2023 көрме жобаларының байқауы кезінде бізге өз жұмыстары арқылы әйел және оның заманауи бейнесі туралы әңгімелейтін суретшілерден көптеген өтініштері келіп түсті. Әр авторға қолдау көрсеткіміз келеді. Осылайша Қазақстанның заманауи әйелінің портретін ұсынатын топтық көрме ұйымдастыру жобасы дүниеге келді. Әр түрлі техникалар, әр түрлі материалдар мен стильдер бір тақырыппен біріктірілген, яғни әйелдер қауымы әйелдерді бейнелейді. Бұл жобада суретшілер бейнелеу өнерінің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүріне қарсы шығып, басты назарға айналады»

Қазіргі әйел тек басқалардың бақылауында болудан қалып, ол әрекет пен жасампаздықтың белсенді субъектісіне айналады. Уақыт өте келе әйелдің рөлі, оның мәртебесі мен ұстанымы туралы идея өзгереді. Патриархалдық көзқарастарды феминистік көзқарастар алмастыруда.

Маркетинг директоры Зейнеп Эркан Альп:

 «Тамаша мерекелердің бірі Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында біз Efes Art Space алаңныда бір топ суретшілердің жұмысын тамашалау үшін тағы да бас қостық. Достық, бейбітшілік және мейірімділік мерекесінде біз тағы да қазіргі қоғамдағы әйел рөліне тілге тиек етеміз, өнер призмасы арқылы рухани құндылықтарға назар аударамыз»

 Efes Kazakhstan тұрақты даму стратегиясы аясында өнерге қолдау көрсете отырып, Алматы қаласын көп функциялы өнер алаңымен таныстыру туралы шешім қабылданды. Efes Art Space бастамасының мақсаты – өнер саласындағы қызықты идеяларды қолдау, Қазақстанның мәдени мұрасы мен тарихын сақтаудың маңыздылығын атап өту.

Ағымдағы жылдың көрме күнтізбесін Efes Art Space Instagram парақшасынан www.instagram.com/efesartspace табуға болады.