EFES Kazakhstan Art Space өнер кеңістігіндегі жаңа маусымын «Өмірлік бақылаулар» көрмесімен ашады

EFES Kazakhstan компаниясы EAS-2024 өнер кеңістігінде жаңа маусымды «Өмірлік бақылаулар» атты көрмесімен бастағанын қуана хабарлайды. Бұл қаланың мәдени өміріндегі маңызды шара. Көрме қонақтары үшін бұл шара шабыт пен эмоцияның қайнар көзіне айналатыны сөзсіз.

Фото тілші мамандығы кейде фотожурналистика деп те аталады. Журналистика мен БАҚ әлемінде өте қызықты және маңызды сала. Фототілшілер жаңалықтар мен ақпаратты көрнекі бейнелер арқылы жеткізуде басты рөл атқарады.

Фототілшілер көбінесе қауіпті және болжауға келмейтін, тосын сыйға толы жағдайларда жұмыс істейді. Олар этикалық нормаларды сақтауға және жұмыс барысында кездескен адамдардың сезімдері мен жеке өміріне құрметпен қарауы керек. Сонымен қатар, олар өз мамандығына байланысты түрлі тәуекелдерге дайын болуы керек.

Фотожурналист мамандығы әдетте иллюстрациялық жұмыспен байланысты, мұнда фотосуреттер мәтіндерге қосымша ретінде қызмет етеді. Дегенмен, «Өмірлік бақылаулар» көрмесі өз қонақтарын осы тұжырымдамаға қайта қарауға шақырады. Көрме авторлардың шығармаларына басқаша көзқарасты ұсынады. Фотографтар Талғат Галимов, Алексей Мальченко, Ростислав Кобец өмірлік кезеңдер мен жағдайларды өз бақылауларын жазып алып, тек оқиғаларды ғана емес, сол сәттегі өздерінің эмоциялары мен әсерлерін де жеткізеді.

EFES Қазақстан маркетинг жөніндегі директоры Зейнеп Еркан Алп:

«Біз Efes Art Space өнер кеңістігіндегі жаңа маусымды достарымызбен және серіктестерімізбен бірге бастағанымызға өте қуаныштымыз және мақтан тұтамыз. «Өмірлік бақылаулар» көрмесі көрермендерге өнер әлеміне еніп, олардың ішкі дүниесін байытуға, жаңа әсерлер мен ойлар әлеміне саяхат жасауға мүмкіндік беру үшін ұйымдастырылған. Кәсіби фототілші қызықты сәттерді түсіріп қана қоймай, сонымен қатар, өнердің жаңа саласын құруға жол береді. Олардың фотосуреттері қоғамдық пікірге айтарлықтай әсер етіп, эмоцияларды тудырады және маңызды мәселелерді көтереді»

Фотожурналистика – өнерге құмарлықты, әлем мен ондағы оқиғаларды білуге ​​құмарлықты және өз шеберлігіңді үнемі дамытып, шыңдап отыруды қажет ететін мамандық. Ол қоғамды ақпараттандыруда және оның көзқарасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

 

«Өмірлік бақылаулар» көрмесі 22 мамырға дейін жалғасады.

Ағымдағы жылдың көрме күнтізбесін Efes Art Space Instagram парақшасынан www.instagram.com/efesartspace табуға болады.

Efes Kazakhstan тұрақты даму стратегиясы аясында өнерге қолдау көрсете отырып, Алматы қаласын көп функциялы өнер алаңымен таныстыру туралы шешім қабылданды. Efes Art Space бастамасының мақсаты – өнер саласындағы қызықты идеяларды қолдау, Қазақстанның мәдени мұрасы мен тарихын сақтаудың маңыздылығын атап өту.