EFES Қазақстан компаниясы қызметкерлері арасында әзірленген стартапқа 50 000 $ қаражат бөлді

EFES Қазақстан өз қызметкерлері арасында ішкі кәсіпкерлікті ынталандыру мақсатында 2023 жылдың мамырында басталған “EFES KZ Intrapreneurship Hub” бағдарламасының қорытындысын шығарды. Әділ қазылар алқасы қызу пікірталас жүргізіп, қаржыландыру кезеңіне өту үшін екі жобаны таңдап алды. Жарысқа түскен топтың біріне инвестиция ретінде 50 000 АҚШ долларын алуға мүмкіндік берілсе, ал екінші топ өз бизнесін дамытудың келесі кезеңіне өту үшін EFES Kazakhstan ресурстарын пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

Маркетинг департаментінің директоры Зейнеп Эркан Альп:

«Efes Kazakhstan-дан алғашқы инвестицияны біздің қызметкерлеріміздің жобасына бұйырғанына қуаныштымыз. Бұл жеңімпаз топқа жаңа бизнес бағытын дамытуға және компанияда автономды бөлім ретінде қалуға мүмкіндік береді. EFES үшін бұл айтарлықтай өсу әлеуетін білдіреді, өйткені біздің басты құндылығымыз әрқашан біздің қызметкерлеріміз болды. Компания әрі қарай да әріптестеріміздің бизнес-идеяларын қолдауға және қаржыландыруға дайын»

 Бас-аяғы 8 топ жарысқа түсіп, оның 3-і ақтық сайысқа өтті.

Жобалар тізімі:

  1. Сауда нүктелеріндегі өнім қалдықтарын бақылауға арналған ALUAN қолданбасы
  2. 1Hub – бұл алматылық пабтарды кәсіпкерлер мен шығармашылық адамдар арасындағы қарым-қатынас үшін коворкинг кеңістігіне айналдыруды ұсынатын онлайн платформа
  3. Vita Group — алкогольді (сыра өндірісінің қалдықтары) еритін заттары бар құрғақ спирттік төп (барда) өңдеуге арналған толық желі.

Жеңімпаздарды қазылар алқасының мүшелері EFES Kazakhstan және Anadolu Group топ-менеджменті мен арнайы шақырылған сарапшылар анықтады. Сертификаттарды 1Hub жобасы бойынша Светлана Чванова мен Оксана Тимофеева, Vita Group жобасы бойынша Анастасия Бейзе, Светлана Давыденко, Гаухар Өмірбек және Филипп Степанов алды.

EFES KZ Intrapreneurship Hub компания қызметкерлерінің кәсіпкерлік рөлге ауысуын жеңілдетеді. Бұл бағдарлама кадрлардың әлеуетін дамытуға ғана емес, ұйым аясындағы инновациялық кәсіпкерлік жобаларды қолдауға бағытталған Қазақстандағы бірінші және бірегей бағдарлама.

Ішкі кәсіпкерлік бағдарламасы осыдан төрт жыл бұрын ұқсас корпоративтік акселератор іске қосылған Түркиядағы EFES табысына негізделеді. Бұл тәжірибе өз нәтижесін берді, атап айтсақ, түрік кеңсесінің қызметкерлері сыра өндірісінің қалдықтарын талшық пен ақуызға бай дәмді барларға қайта өңдеу әдісін әзірледі. Бұл өткен жылы 420 000 доллар қаржы жинаған Malty Snacks атты стартаптың құрылуына әкелді.