Электр мен еркіндік тоғысқан тұс: Lynk & Co 08 EM-P Қазақстанға келді

Қазақстан автомобиль нарығында жаңа кезең басталғалы тұр. Гибридті технологиялар енді болашақтың емес, бүгінгі күннің таңдауына айналды. Осы үрдісті айқын дәлелдейтін оқиғаның бірі – Lynk & Co брендінің 1 100 шақырымға дейінгі жүріс қорына ие жаңа флагмандық кроссовері 08 EM-P моделінің елімізде ұсынылуы.

2026 жылдың 26 ақпанынан бастап брендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы – Orbis Auto автомобиль тобы – жаңа модельге алдын ала тапсырыс қабылдай бастады. Бұл – тек жаңа көліктің таныстырылымы ғана емес, сонымен бірге қазақстандық жүргізушілердің талғамы мен сұранысының өзгеріп келе жатқанын көрсететін маңызды сигнал.

Lynk & Co 08 EM-P заманауи модульдік платформада жасалып, интеллектуалды EM-P гибридті жүйесімен жабдықталған. 1,5 литрлік турбоқозғалтқыш пен электр жетегінің үйлесімі 350 ат күшін және 580 Н·м айналу сәтін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде кроссовер 100 км/сағ жылдамдыққа небәрі 6,75 секундта жетеді.

Ең басты артықшылығы – тиімділік пен еркіндіктің балансы. 39,6 кВт·сағ батарея тек электр режимінде 200 шақырымға дейін жүруге мүмкіндік берсе, гибридті режимдегі жалпы жүріс қоры 1 100 шақырымға жетеді. Бұл – күнделікті қала тіршілігі мен ұзақ сапарларды бір көлікпен-ақ еш уайымсыз жоспарлауға мүмкіндік беретін көрсеткіш.

Қазақстанда гибридті көліктерге деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді. Бұл трендті Lynk & Co да дәл уақытында аңғарды.

«Гибридті көліктер бүгінде тар аудиторияға арналған өнім емес. Клиенттер үшін электрмен тыныш қозғалу мен алыс жолда алаңсыз жүру мүмкіндігінің үйлесімі аса маңызды. Lynk & Co 08 EM-P – осы қажеттіліктерге нақты жауап беретін модель», – дейді Lynk & Co Қазақстандағы дистрибуция директоры Мұхамед Жәлилов.

08 EM-P кроссовері Қазақстанда Pro және Halo атты екі жиынтықта ұсынылады. Halo нұсқасы премиум сегментке тән жайлылықты алдыңғы орынға қояды: Nappa былғарысы, желдету мен массаж функциялары, панорамалық шатыр, амбиентті жарық және 23 динамигі бар Harman/Kardon аудиожүйесі – мұның бәрі сапарды ерекше әсерге бөлейді.

15,4 дюймдік орталық экран мен 10,2 дюймдік цифрлық панельден тұратын мультимедиялық жүйе 5G байланысын, сымсыз жаңартуларды және смартфонмен толық интеграцияны қолдайды.

«Қазақстан біз үшін Еуразия аймағындағы стратегиялық маңызы бар нарықтардың бірі. Мұнда жүргізушілер технологияны, дизайнды және экологиялық жауапкершілікті бірдей бағалайды. Lynk & Co 08 EM-P моделі – дәл осы талаптарға жауап беретін шешім: ол электрлік қозғалыстың тыныштығын, гибридтің икемділігін және ұзақ сапарларға арналған сенімділікті біріктіреді. Біз бұл модель Қазақстанда гибридті көліктерге деген көзқарасты жаңа деңгейге көтереді деп сенеміз», – деді Lynk & Co компаниясының Еуразия аймағы бойынша маркетинг менеджері Дынг Жие.

Көлік жүргізушіге көмек көрсететін заманауи жүйелердің толық кешенімен жабдықталған: бейімделетін круиз-бақылау, жолақты сақтау, автоматты тежеу, соқыр аймақты бақылау. Модель Euro NCAP талаптарына толық сай келеді, бұл оның сенімділігін халықаралық деңгейде растайды.

Lynk & Co 08 EM-P наурыз айында Астана мен Алматыда, сәуірде Шымкентте сатылымға шығады. Ал бірінші жартыжылдықта Қарағанды қаласында да қолжетімді болмақ. Сонымен қатар, 2026 жылы Астана мен Алматыда брендтің жаһандық стандарттарға сай ресми шоурумдарын ашу жоспарланып отыр.

Алдын ала тапсырыс бағдарламасы алғашқы сатып алушылар үшін арнайы жеңілдіктер мен тиімді шарттарды қамтиды. Бұл – жаңа буын гибридін алғашқылардың бірі болып тізгіндеуге берілген мүмкіндік.

Lynk & Co 08 EM-P – технология мен өмір салтының түйіскен тұсы. Электр мен еркіндік қатар жүрген заманда дәл осындай көліктер жаңа норманы қалыптастыра бастайды.