ERG алюминий дивизионының Павлодардағы кәсіпорындарына өнеркәсіптік турын ашты

ERG-дің алюминий дивизионындағы қос кәсіпорын жұртшылыққа есігін айқара ашты. ERG-дің өнеркәсіп турынның жаңа бағытына Павлодар алюминий зауыты («Қазақстан алюминийі» АҚ) мен Қазақстандық электролиз зауыты кірді. 17 мамырдан бастап Павлодар тұрғындары мен қонақтары еліміздің алюминий кластерінің бірегей кәсіпорындарына саяхаттай алады.

Отандық туризм тарихындағы жаңа тарау

ERG елдегі алғашқы өндірістік турды 2021 жылы ашқан. Ел тарихында тұңғыш рет туристер  Ақтөбе ферроқорытпа зауытына барып, өнеркәсіп пен өндірісті өз көздерімен көріп қайтты. Енді компания Павлодарға саяхаттың жаңа бағытын іске қоспақ. Экскурсия бірден екі алып кәсіпорынды – Павлодар  алюминий және Қазақстандық электролиз зауыттарын қамтыған. Туристер бұл саяхатқа  https://vtour.erg.kz  сайтында өтінім қалдыра алады. Толымды ақпарат бейнероликте: сілтемеде.

ERG-ге не керек?

Көбіне мұндай кәсіпорындар стратегиялық нысан мәртебесі мен қауіпсіздік шараларына байланысты келушілерге көп қабылдай қоймады. ERG ашықтық пен қауіпсіздік саясатын басшылыққа ала отырып, өз кәсіпорындарына бірегей туристік бағыттар құрды. Мұндай турлар қоғамда қалыптасқан кейбір жаңсақ пікір мен жалған ақпаратты жоққа шығаруға сеп.  Әрі қызыққан адам ауыр өнеркәсіптің тыныс-тірлішігін танып, отандық алюминийдің қалай өндірілетінін өз көзімен көре алады.

«Бұл алюминий өндірісінің үлкен технологиялық тізбегін көрудің таптырмас мүмкіндігі және өндіріс ауқымы біздің келушілерімізді бей-жай қалдырмасына сенімдімін. Біздің зауыттар – отандық металлургияның флагманы. Бізде мақтан тұтарлық жетістіктеріміз мол. Туристік бағыт – глинозем мен алюминий өндірісінің бүкіл процесін кең аудиторияға және әр кезеңде қалай жұмыс атқарылатынын көрсетудің тамаша мүмкіндігі. Экскурсия бағдарламасы қызықты мәліметтерге қанық және осы күрделі процестің толымды көрінісін береді. Біз жұмыста қандай қағидаларды негізге алатынымызды көрсетуге және барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап беруге дайынбыз», — дейді «Алюминий» дивизионының бас операциялық директоры Владимир Красноярский.

Алғашқы келушілер қатарында республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері болды. саяхаттап келгендердің әр сәті санаулы. Өйткені бір күнде туристерге екі кәсіпорынды аралап үлгеруі керек. Павлодар алюминий зауытында жүк көтерімділігі 90 тоннадан асатын тау-кен техникасын, 600 000 тонна шикізатқа арналған қойманы, жалыны 1 200 градусқа дейін қызатын айналмалы көлденең пештерді және бірегей жеңді сүзгілерін көрсетілді. Қазақстан электролиз зауытында туристерді өнімділігі жылына 136 мың тонна күйдірілген анод пен температурасы 958°C дейінгі жоғары амперлі электролизерлер үлкен күйдіру пешінің ауқымы таң қалдырды. Ал сұйық алюминийдің «құйма қалыптарға» ағызылуы мен салмағы 20 кг «қанатты» метал құймалары келушілердің есінде көпке сақталар деген сенімдеміз.

Турбағыт әртүрлі мақсатты аудиторияларға арналған және айына екі рет 15 адамды қабылдайды. Турбағыт сайтында https://vtour.erg.kz/ ERG өнеркәсіп кәсіпорындарына виртуалды бағытпен алдын ала танысуға болады. Алайда, өз көзіңізбен көргенге не жетсін?!