ERG-дің темір дивизионының қызметкерлері күзгі ағаш егу науқанын бастады

ERG-дің ауқымды экологиялық стратегиясы тиянақты іске асырылып жатыр. Рудный қаласында жаппай көшет егу басталды. ERG құрамындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің ұжымы өз міндеттемелерін толығымен орындайды. Кеншілер осы күзде 14 мыңнан астам ағаш екпек. Олардың бір бөлігі қазірдің өзінде «ССКӨБ» АҚ және «Қашар кені» АҚ өнеркәсіп алаңдары аумағына көріп беріп тұр.

Алғашқы 100 шыбық кен өндіру, өнеркәсіп және көлік кешендерінің алаңдарында тамыр жайған. 30 көшет Қашар кені кәсіпорынның аумағына көрік бермек. Көшеттерді цех қызметкерлері егеді. Осылайша, кеншілер Республика күніне арналған «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық экологиялық акциясын қолдады.

– Жыл сайын біз кәсіпорнымыздың өнеркәсіптік аймағын көгалдандырамыз, — деді «ССКӨБ» АҚ кен өндіру кешенінің жастар кеңесі төрағасының м.а. Нұрман Байкенов. – Біз экожүйені, атап айтқанда ауаны жақсартуға тырысамыз. Өнеркәсіп кәсіпорнының қоршаған ортаға әсер ететінін білеміз. Бұл технология, бірақ біз табиғатқа келтірілер зиянды барынша азайтуға тырысамыз.

Биыл кәсіпорын қызметкерлері қараған, қара жемісті итжүзім, долана, тал, сүмбіл терек, қайың, мойыл, қарағаш, шаған көшеттерін екті. Мамандардың айтуынша, күзде егілген өсімдіктер күшті және төзімді болады, өйткені қыстау кезінде олардың күш-қуаты артады.

–  Ағаш егу –  біздің кеншілердің бұрыннан қалыптастырған игі дәстүрі, – дейді Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы – ССКӨБ бас экологы Анатолий Дворниченко. – Мұндай акциялар жыл сайын өткізіледі. Өткен жылы кеншілер он төрт мыңға жуық көшет екті. Біздің аймақты көгалдандыру ERG-дің ұзақ мерзімді экологиялық стратегиясына негізделген.

Жас қайыңдар, үйеңкі, шағандар, теректер биыл Рудный – Қостанай тас жолының бойына, күре жолдың сол қапталына егілді. Олардың саны – 14 000. Өткен жылы 12 500 терек егілген болатын. Бәрі түгел тамыр жайып кете алмады. Сондықтан, солып қалғандарының орнына басқасы егіледі. Шартта тамыр алмаған көшеттерді 100 пайыз ауыстыру көзделген.

ССКӨБ қаланы көгалдандыруға қатысты уәделерін орындайды. Аймақтың индустриалды дамуы азаматтардың мүддесіне және адамдардың өмір сүру сапасына зиян келтірмеуі керек. Сондықтан ERG-де ұзақ мерзімді ERG-дің Экостратегиясы әзірленіп, бекітілген. Оның негізгі басымдығы – кәсіпорындар орналасқан аймақтардағы қоршаған ортаны жақсарту.