Eurasian Resources Group компаниясының BAMIN кәсіпорны Бразилиядағы Pedra de Ferro кен орнындағы өнімдерді экспорттау туралы келісімге келді
BAMIN және Anglo American 2023 жылы BAMIN компаниясының Pedra de Ferro кенішінде өндірілген жоғары сапалы темір рудасын жеткізу туралы келісім шартқа қол қойды.
Жетекші әртараптандырылған тау-кен өндіру және өңдеуші Eurasian Resources Group компаниясының бразилиялық 100% еншілес кәсіпорны BAMIN Anglo American халықаралық әртараптандырылған тау-кен компаниясымен 2023 жылы BAMIN-тің экспортқа шығарылатын барлық өнімдерін сатып алуға кепілдік беретін келісімге отырды.
Pedra de Ferro темір кен орны Каэтит қаласында (Баия штаты) орналасқан және ашық карьерде өндіріледі; өндіру 2020 жылдың соңында басталды. Кен орны ішкі нарыққа да, экспортқа да жеткізілетін жоғары сапалы домналық руда өндіріледі. 2022 жылы кәсіпорын өндіретін темір рудасының ұсақ құрамындағы темірдің орташа мөлшері 65,5-66% құрады. Қазіргі уақытта Pedra de Ferro кен орны жылына 1 миллион тоннаға дейін темір рудасын өндіреді.
Келісім шартқа сәйкес Anglo American 2023 жылы экспортқа шығаруға арналған BAMIN темір рудасы өнімдерінің барлық көлемін сатып алудың айрықша құқығын алады.
Бенедикт Соботка, Eurasian Resources Group Бас атқарушы директоры: «2023 жылы BAMIN Anglo American-ға экспортқа өндірілген темір рудасын жеткізетінін қуана хабарлаймын. Бұл келісім Anglo American және ERG бұрын жасасқан жекелеген жеткізілімдерге арналған келісім-шарттардың қисынды жалғасы болып табылады және BAMIN компаниясының жоғары сапалы темір рудасын жеткізуші мәртебесін тағы бір рет растайды. Біз Anglo American компаниясымен табысты серіктестік орнатқанымызға қуаныштымыз»
BAMIN кәсіпорны туралы
BAMIN Бразилияның тау-кен өнеркәсібі және ауылшаруашылық өнеркәсібі үшін жаңа бірыңғай логистикалық және экспорттық дәліз құру бойынша жұмыс жасауда. Бұған Каэтит қаласындағы (Баия штаты) Pedra de Ferro кен орнын игеру және интеграцияланған логистикалық шешімдерді құру, соның ішінде Порту-Сул портының құрылысын қоса алғанда, бірқатар жобаларға 20 миллиард реал инвестиция кіреді. Ильеус қаласы және трансконтинентальды темір жолдың бірінші учаскесі FIOL жолы, ұзындығы 537 км, Каэтит пен Ильеусты байланыстырады. FIOL темір жолының бірінші учаскесі мен Порту-Сул порты 2026 жылға қарай пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.