Еурохаттама қазақстандық автокөлік жүргізушілерінің өмірін қалай өзгертті?!

Биылдан бастап жеңіл жол-көлік оқиғаларын реттеудің жаңа тетігі (100 АЕК-ке дейін) іске қосылды. Бұл сақтандыру төлемдерін өңдеу мен қабылдауды жылдамдатып, көлік кептелісін жеңілдетеді.

Белгілі болғандай 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жол-көлік оқиғаларын тіркеудің жаңа әдісі іске қосылды. Бұл еурохаттама және оның көмегімен ЖКО қатысушылары жол-патрульдік полиция қызметкерлерін шақырмай-ақ, сондай-ақ сот шешімінсіз жол оқиғасын рәсімдей алады.

Еурохаттама автокөлік иелері жеңіл жол-көлік оқиғаларын мүмкіндігінше ыңғайлы және тез шешу үшін енгізілді. “Қазақстандағы барлық жол-көлік оқиғаларының 40 %-ға жуығында келтірілген шығын көлемі 100 АЕК-тен (369 200 теңге) аспайды, сондықтан бұл тетік көлік иелерінің көп бөлігі үшін шағын жол-көлік оқиғаларын тіркеуді жеңілдетеді. Жаңалықтың екінші үлкен артықшылығы — көлік кептелісін азайту, өйткені полиция қызметкерлерін күтудің қажеті жоқ. Барлығын өзіңіз рәсімдей аласыз”, – дейді Freedom Insurance сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Азамат Керімбаев.

Еурохаттама қажетсіз формальдылықтан аулақ болуға және негізгі шарттар орындалған жағдайда сақтандыруды алуға мүмкіндік береді, тек екі көлік соқтығысса және зардап шеккендер болмай, көлікке келтірілген залал мөлшері 100 АЕК-тен аспаса болды. Көлік иелеріне жол-көлік оқиғасының сызбасын сызудың қажеті жоқ — жай ғана зақымдануды суретке түсіріп, оны қосымшамен бірге арнайы жүйеге жүктесе болды.

Еурохаттама қағидаттары бойынша https://dtp.kz/login онлайн төлемдерді рәсімдеудің бірінші жылдам жүйесі өткен жылдың басында жұмыс істей бастады. Оны Freedom Insurance компаниясы өз клиенттеріне ыңғайлы болу үшін іске қосты. Егер өткен жылы оны сақтандыру компаниясының клиенттері ғана пайдалана алатын болса, енді жүйені жеңіл апатқа ұшыраған кез келген көлік иесі пайдалана алады. “3 қаңтарда біз цифрлық сервис арқылы сақтандыру төлеміне алғашқы өтінішті алдық. Жол-көлік апатына кінәлі Interteach сақтандыру компаниясы 5 қаңтарда 210 000 теңге көлемінде өтемақы төледі. 8 және 9 қаңтарда  біздің сервис арқылы еурохаттама бойынша  жол-көлік оқиғасынан кейін сақтандыру төлеміне тағы екі өтінім берілді. Бұл жол-көлік оқиғасының қатысушылары мен кінәлілері біздің компанияда сақтандырылған жоқ, бірақ біздің әзірлемелердің көмегімен жеңіл жазатайым оқиғаларды тез рәсімдей алды.

Біздің компания жол-көлік оқиғасының әрбір қатысушысына (жыл сайын 200 000-нан астам жүргізуші жол-көлік оқиғасына ұшырайды) сақтандыру өтемін тез және қағазбастылықсыз алу мүмкіндігін беруді мақсат етеді. Бұл сақтандыру төлемдерін реттеу процестерін цифрландыру арқылы ғана мүмкін”, — деп атап өтті сақтандырушы.

Бұл ыңғайлы жүйенің жұмыс істеуі үшін мемлекет әдістемелік тұрғыдан қажетті жағдайларды дайындады. 2019 жылы Бірыңғай сақтандыру деректер базасы (БСДБ) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректер базасымен біріктірілді. Бұл қадам Қазақстандағы сақтандыру саласының айтарлықтай дамуына және көптеген құжаттарды, соның ішінде сақтандыру полистерін онлайн форматта рәсімдеуге көмектесті. “Мәліметтер базасының арқасында, тіпті Еурохаттама енгізілгенге дейін, сақтандырушылар сақтандыру оқиғасы болған кезде жүргізушіден көптеген құжаттарды сұрамай-ақ мәліметтерді толтыра алды. Ол үшін жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, тіркеу куәлігі және полицияның жол-көлік оқиғасы туралы хаттамасы (егер бұл аса ауыр жол-көлік оқиғасы болса) жеткілікті”, — деп түсіндіреді Азамат Керімбаев.

Еурохаттама арқылы жол-көлік оқиғасын рәсімдеудің негізгі шарттары:

-ЖКО қатысушылары жарамды сақтандыру полисі бар 2 жүргізуші болу керек;

-жол-көлік оқиғасынан келтірілген залал мөлшері 100 АЕК-тен (369 200 теңге) аспау керек;

-жазатайым оқиғаға қатысушылар кімнің кінәлі, кімнің жәбірленуші екенін өз бетінше анықтап, келіскен болса;

-жол-көлік оқиғасы үшінші тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірмеу керек.

Барлық осы шарттар орындалса, көлік иелері жол-көлік оқиғасын жаңа механизм арқылы рәсімдеуге кірісе алады:

-DTP.kz сайтына өтіп, сол жерде тіркеліңіз;

-Оқиғаның мән-жайы туралы мәліметтерді жинайтын нысанның барлық тармақтарын мұқият толтырыңыз: уақыт, орын, жол-көлік оқиғасына қатысушылардың саны, оны толтыратын кім — кінәлі немесе жәбірленуші, көлік түрі, қатысушылардың денсаулығына зиян келтірілді ме? т.б.;

— Зақымдалған көліктің фотосуретін жүктеңіз;

— Өтінішке электронды цифрлық қолтаңба арқылы қол қойыңыз;

— Өтінішті апатқа қатысы бар екінші тарапқа жіберіңіз;

Жол-көлік оқиғасының екінші қатысушысы форманы өз деректерімен толықтырып, оған ЭЦҚ арқылы қолын қояды. Сіздің өтінішіңіз осымен аяқталды деп есептеліп, сақтандыру компаниясына жіберіледі. Өтінімдерді өңдеу күйін DTP.kz жеке кабинетінде бақылай аласыз.

Жаңа механизм таңсық болғандықтан қазақстандық көлік иелері оны үйрену үшін белгілі бір уақытты қажет етеді. Бұл қызметтің барлық артықшылықтары мен ыңғайлылығын бірте-бірте көре отырып, көптеген жүргізушілер оған көбірек жүгінетін болады, өйткені бұл уақытты айтарлықтай үнемдейді.