Freedom Inside: Цифрлық дәуір үндестігі — бизнес пен технологияның жаңа белесі

9 сәуірде Астанада Freedom Inside халықаралық форумы өтеді. Бұл — цифрлық экожүйелердің болашағы, технологиялық шешімдер мен бизнестің трансформациясы туралы диалог құратын негізгі алаң. Форумның ұйымдастырушысы — Freedom Holding Corp.
Форум аясында бизнес визионерлері, мемлекеттік құрылым өкілдері, инвесторлар, кәсіпкерлер мен креативті индустрия лидерлері жиналады. Басты назарда — компанияның халықаралық стратегиясы, цифрлық сервистердің дамуы және технологиялық өнімдер нарығы.
Freedom Holding Corp. іс-шара аясында қаржы мен технологиялық сервистер тоғысқан Freedom цифрлық экожүйесінің жаңа мүмкіндіктерін айтып өтеді. Бұл жаңартулардың барлығы Freedom SuperApp қосымшасында қолжетімді болмақ.
Форум спикерлерінің қатарында:
- Тимур Турлов — Freedom Holding Corp. негізін қалаушы және бас атқарушы директоры;
- Димаш Құдайберген — Қазақстанның халық әртісі, әнші және композитор;
- Антон Джораев — NVIDIA компаниясының ТМД-дағы бизнесті дамыту жөніндегі өңірлік директоры;
- Мағжан Мәдиев — Astana Hub негізін қалаушы және бас директоры;
- Тимур Баиров — Freedom Media бас директоры.
Іс-шараға 30-дан астам спикер қатысады деп жоспарланған. Пікірталастар Тәуелсіздік сарайындағы екі сахнада өтеді.
Форум аясында қонақтар өзара тәжірибе алмасып, жаңа технологиялармен таныса алады. Сондай-ақ, форум қатысушылары Freedom Media стендіне барып, компанияның онлайн-кинотеатры әзірлеген бірегей концепциямен таныса алады.
Форум бағдарламасы мен билеттер туралы толық ақпаратты freedominside.kz сайтынан білуге болады



