Freedom Кино мен ТВ Қазақстандағы алғашқы суперқаһармандар туралы Toxic сериалының тизерін ұсынды

Freedom Кино мен ТВ жаңа Toxic сериалының алғашқы тизерін көпшілік назарына ұсынды. Бұл – Қазақстандағы тұңғыш суперқаһармандар туралы сериал. Жоба көрерменге 2026 жылдың күзінде жол тартады.

Toxic қазақстандық сериал индустриясы үшін жаңа жанрдың есігін ашады. Оның өзегінде күтпеген жерден суперқабілетке ие болып, әр күні маңызды шешімдер қабылдауға мәжбүр болатын адамның хикаясы жатыр.

Бас кейіпкер – Фархат, күтпеген жағдайдан кейін өмірі түбегейлі өзгеретін қарапайым жас жігіт. Осы сәттен бастап оның әр күні жаңа бір суперқабілетпен басталады. Алайда ерекше күшпен бірге үлкен жауапкершілік те келеді: Фархат өз мүмкіндіктерін басқаруды үйреніп, күрделі шешімдер қабылдап, нағыз қаһарман болудың мәнін түсінуі керек.

Бас рөлдерде: Алмаз Мержақыпов @mvsstoi, Бекайдар Қадыркей @bekka_ice, Аделина Ералиева @yeralievaa_, Аида Құрманғалиева @monalemi, Азамат Сатыбалды @azamatc, Нұрай Жеткерген @nunanuraii.

Экшн, драма, әзіл және ерекше визуалдық стиль тоғысқан жоба қазақстандық суперқаһармандық жанрды жаңа қырынан танытады.

Идея авторы – Алишер Утев @alisher.utev

Сериалдың қоюшы режиссері – Айтөре Жолдасқали. @aitorezholdasqali

Со-режиссер – Олжас Баянов @bayqonur

Toxic сериалының алғашқы тизерін Freedom Кино мен ТВ-дан ресми түрде тамашалауға болады.