Freedom Кино және ТВ Comic Con Astana аясында тұңғыш қазақстандық суперқаһармандар туралы TOXIC сериалын таныстырды

Жоба авторлары көрерменге сериалдың ресми трейлерін ұсынып, премьера күнін жариялады. 10 қыркүйекте Freedom Кино және ТВ онлайн-кинотеатрында болады.
Жаңа жоба туралы басты рөлді сомдаушы әрі Comic Con Astana жүргізушісі Алмаз Мержақыпов (@mvsstoi) айтып берді. Бұл сериалды еліміздегі ең ірі поп-мәдениет шарасында таныстырудың өзі үшін ерекше символдық мәні бар екенін атап өтті.
«Мен үшін Comic Con – қашан да ерекше атмосфера ортасы. Екінші жыл қатарынан сахнаға жүргізуші ретінде шығып, фестивальдің қаншалықты қарыштап дамып келе жатқанын көріп отырмын. Биыл өзім қатысқан жобаны таныстыру ерекше әсерлі болды. Өйткені бұл жоба – біздің өзіндік суперқаһармандар әлемінің бастау нүктесі».
Сериал интернетте танымал болуды армандайтын жас ютубер Фара мен оның жақын досы Санжиктің басынан өткен оқиғаны баяндайды. Оқыс оқиғадан кейін Фара ерекше қабілеттерге ие болып, достар мұны өз арналарын дамытудың таптырмас мүмкіндігі ретінде көреді. Алайда танымалдық үшін жарыс Фараға басты суперкүш – қабілеттер емес, достар, махаббат пен өзіне деген сенім екенін түсінуге мәжбүрлейтін шынайы сынақтарға ұласады.
Басты рөлдерде:
Алмаз Мержақыпов
Аида Құрманғалиева
Азамат Сатыбалды
Аделина Ералиева
Бекайдар Қадыркей
Нұрай Жеткерген
Дінмұхаммед Қожамұратов
Қуаныш Тұрдалин
Әлихан Лепесбаев
Қоюшы режиссер: Айтөре Жолдасқали
Со-режиссер: Олжас Баянов
Идея авторы: Алишер Утев
Сериалдың өзінен бөлек, авторлар «TOXIC: Батырсымақ» комиксін де таныстырды. Комикстегі оқиға – сериалдың спин-оффы, яғни Токсик пен Санжиктің басынан өткен жеке шытырман оқиға. Сюжет бойынша Қазақстанның басты ұлттық символдарының бірі Алтын Адам айналасында күтпеген бұрылыстарға толы оқиғалар өрбиді.
Comic Con қонақтары графикалық романның шектеулі таралымын бірінші болып сатып алуға немесе сыйлық ретінде алуға мүмкіндік алды. Ал қалғандары бұл комиксті Kaspi және Wildberries маркетплейстерінен, Boys Books сайтынан және «Меломан» желісіндегі дүкендерден сатып ала алады.
«TOXIC» сериалын 10 қыркүйектен бастап Freedom SuperApp «Кино және ТВ» сервисінде жазылым арқылы көруге болады




