FutureBuilders AI Era: Алматыда халықаралық корпоративтік AI-хакатон өтті

Алматыда FutureBuilders AI Era халықаралық корпоративтік AI-хакатоны өтті. Бұл Efes Kazakhstan компаниясындағы корпоративтік инновацияларды дамытудың жаңа кезеңі және негізгі бизнес-міндеттерге арналған AI-шешімдерге бағытталған бастама. Бағдарлама Anadolu Efes холдингінің жаһандық кәсіпкерлік бастамасы аясында жүзеге асырылып, бұған дейін іске асқан Intrapreneurship Hub жобасының жаңартылған әрі жалғастырылған нұсқасына айналды.
Биыл Efes Kazakhstan алғаш рет бағдарламаны өткізетін халықаралық алаң ретінде танылды. Хакатонға Қазақстан, Грузия және Молдова елдерінен келген компанияның 25 қызметкері қатысып, бизнеске арналған AI-шешімдерді әзірлеу үшін кросс-функционалды командаларға бірікті.
Бағдарлама аясында қатысушылар Notebook LM платформасымен жұмыс істеуді үйреніп, заманауи AI-құралдарды меңгерді және өздерінің AI-агенттерін әзірлеуге кірісті. Үш күн бойы командалар логистика, сату, маркетинг, коммерциялық аналитика, клиенттік сервис және ішкі операциялық процестер салаларындағы өзекті бизнес-міндеттерді автоматтандыруға бағытталған жобалармен жұмыс істеді.
Хакатон қорытындысы бойынша өз MVP-шешімдерін әрі қарай дамытып, жетілдіруді жалғастыратын алты команда анықталды.

Іс-шараның ашылуында Efes Kazakhstan компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Зейнеп Эркан Альп FutureBuilders AI Era бағдарламасы компаниядағы корпоративтік инновациялық мәдениетті дамытудың жаңа кезеңін білдіретінін атап өтті:
«Біз “FutureBuilders: AI Era” бағдарламасының жаңа тарауын ашып отырмыз. Бұл жоба KZ Intrapreneurship Hub бағдарламасының трансформациясы мен ребрендингіне айналды. Біз кәсіпкерлік, инновация және батыл ойлау рухын сақтай отырып, болашақтың сын-қатерлеріне жауап беру үшін жаңа қадам жасадық»
Ол сондай-ақ қатысушылардың AI бойынша оқудан өтіп, жаңа құралдармен, тәсілдермен және мүмкіндіктермен танысу арқылы үлкен жолдан өткенін атап өтті. Оның айтуынша, компания Efes Kazakhstan ішінде жаңа шешімдерді үздіксіз іздеу және AI-технологияларды бизнесте тәжірибелік қолдану мәдениетін қалыптастыруға ұмтылады.

Хакатон барысында командалар алған білімдерін тәжірибеде қолданып, компанияның негізгі бизнес-міндеттеріне арналған тиімді шешімдерді бірлесіп әзірледі. Осындай форматта идеялар бизнес үшін жаңа құндылық қалыптастырып, ішкі процестердің тиімділігін арттыра алатын нақты құралдарға айналады.

FutureBuilders AI Era бағдарламасы компания ішінде кәсіпкерлік ойлауды дамытуға, бизнес-процестерге AI-тәсілдерді енгізуге және бизнеске нақты пайда әкелетін инновациялық шешімдерді сынақтан өткізу ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарманың келесі кезеңінде қатысушылар әзірленген шешімдерді компания ішінде пилоттық режимде іске асырып, әрі қарай дамытатын болады. Бұған дейін осындай бастамалар практикалық жалғасын тауып, компанияның жұмыс процестеріне енгізілген Feedcom және Smart Promo секілді нақты бизнес-кейстерге айналған.




