Groupe ADP басшылығы Брюссельде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге жасаған ресми сапары аясында, ол Groupe ADP компаниясының бас директоры Филипп Паскальмен, TAV Airports Holding директоры Серкан Каптанмен және Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Косемен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі тақырыбы Алматы халықаралық әуежайын дамытудың ұзақ мерзімді перспективалары және Қазақстанның авиациялық инфрақұрылымын жаңғыртудағы Groupe ADP компаниясының рөлі атап өтілді.
Groupe ADP әуежай инфрақұрылымын басқару саласындағы әлемдік жетекші компаниялардың бірі болып табылады. Бұл компания Париждің топ ірі әуежайларын басқарады және TAV Airports компаниясын қоса алғанда, еншілес құрылымдары арқылы әлемнің 20-дан астам елінде қызмет атқарады.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев заманауи авиациялық хабтарды дамыту, көлік және логистика саласындағы елдің стратегиялық басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, Groupe ADP компаниясының Алматы халықаралық әуежайын басқару мен оны дамытуға қатысуы, халықаралық әріптестіктің жарқын үлгісі болып табылады.
Мемлекет басшысы компанияның маңызды инфрақұрылымдық жобаларын, оның ішінде жаңа халықаралық терминалдың құрылысын жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Жүргізілген жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде жолаушыларға қызмет көрсету сапасы айтарлықтай жақсарып, жылына 12 миллионнан асқан жолаушылар ағынын одан әрі арттыруға жағдай жасалғанын айтты.
Өз кезегінде Groupe ADP бас директоры Филипп Паскаль Президентті Алматы халықаралық әуежайын дамытудың ұзақ мерзімді бас жоспарын іске асыру барысымен таныстырды. Ол 2050 жылға дейінгі инвестициялық бағдарламаға сәйкес, әуежайдың өткізу қабілеті жылына 55 миллион жолаушыға дейін ұлғайтылатынын атап өтті.
Тараптар сондай-ақ Қазақстандағы өңірлік әуежайларды дамыту бағытындағы жобаларды қоса алғанда, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады.
Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі




