HONOR 90 «Жыл смартфоны» номинациясында жеңіске жетті

HONOR 90 смартфоны «2023-2024 жылғы үздік смартфон» номинациясында жеңіске жетті. Сайысты Дүниежүзілік кескін және дыбыс сарапшылары қауымдастығы (EISA) өткізеді. Қазылар алқасының құрамына ондаған елден келген елуден астам сарапшы кіреді. Қауымдастықта жыл сайын әртүрлі санаттардағы үздік тауарларды таңдайды.

EISA комиссиясының мәлімдемесі бойынша, телефонның флагмандық санаттағы құрылғы болып табылмайтындығына қарамастан, HONOR 90 смартфоны олар күткеннен асып түсті. Сарапшылар оны осы баға диапазонындағы осы жылдың ең жақсы смартфоны екенін атап өтті, бұл ретте құрылғы жоғары өнімділік пен заманауи функционалды көрсете алды.

Сонымен қатар, камераның тамаша сипаттамалары да атап өтілді: смартфон жоғары сапалы сурет түсіруге арналған негізгі бергіші бар 200 Мп үш камерамен, сондай-ақ сыйымдылығы сағатына 5000 мА және қуаттылығы 66 Вт, жылдам қуаттау функциясы бар аккумулятормен жабдықталған. Жалпы алғанда, телефон қосымша қуаттаусыз 19,5 сағаттан астам үздіксіз жұмыс істей алады. Сонымен қатар, камерасы 2 Мп тереңдік бергішімен және шолу бұрышы 112° болатын, макротүсірілім жасай алатын 12 Мп аса кең бұрышты объективпен жабдықталған. Фотосуреттердің HDR сапасына 16 пиксельді 1-ге біріктіру арқылы қол жеткізіледі, сондықтан жарық жеткіліксіз жағдайда да фотосуреттер айқын және анық шығады.

50 Мп алдыңғы камерасы осы баға санатында ең жақсы селфилер түсіруге мүмкіндік береді, ал фотосуреттердің егжей-тегжейлі шығу деңгейі жоғары. Соңғы өңдеуге жасанды зият алгоритмдері жауап береді, олар шуды басып, кескінмен жұмыс істейді, оны мінсіз параметрлерге жеткізеді.

Құрылғының экраны саладағы ең жоғары ЕИМ жиілігіне ие – 3840 Гц, ол аз жарықтықта көзге түсетін ауырлықты азайтады. HONOR 90 көздің шаршауын азайтуға арналған табиғи жарықты имитациялай алатын жарықтықты динамикалық баптау функциясымен ерекшеленеді. Инновациялар да бар – HONOR-дың «Циркадты түнгі экран» технологиясы көк жарықты сүзіп, пайдаланушылардың ұйқы сапасын жақсартуға қажетті мелатониннің табиғи бөлінуіне ықпал етеді. HONOR 90 экранының ЕИМ жиілігі жыпылықтаудың болмауына тең деңгейге жетеді, бұл мобильді құрылғыда көп сағат контент қарауға мүмкіндік береді, көзге келетін зиян деңгейін айтарлықтай төмендетеді.

Естеріңізге сала кетейік, HONOR 90 смартфоны алғаш рет осы жылдың мамыр айында Қытайда таныстырылған болатын, ал тамыз айында HONOR ғаламдық технологиялық бренді қазақстандық нарықта сатылымдардың басталғаны туралы хабарлады. Сатылым барысында смартфон Қазақстанда да, әлемде де ең сұранысқа ие құрылғылардың біріне айналды, пайдаланушылар техникалық құрамдастардың тамаша жиынтығын ғана емес, сонымен қатар смартфонның күнделікті пайдалануға ыңғайлылығын атап өтті. Компанияда осы сегменттегі ең үздік камераның және жетілдірілген зияткерлік баптаулардың арқасында әрбір пайдаланушының жарқын сәттерді түсіріп, сақтап қоя алатынын, сондай-ақ олармен басқалармен оңай бөлісе алатынын атап өтеді.