HONOR Қазақстандағы бір жылдық қызметінің нәтижесімен бөлісті

HONOR жаһандық технологиялық брендінің деректері бойынша Қазақстанда өткен жылы 120 мыңнан астам x сериялы смартфон сатылды. HONOR X — бұл қол жетімді бағамен ең жақсы техникалық сипаттамаларды біріктіретін смартфондар сериясы. Көптеген инновациялық технологиялық шешімдерді ұсына отырып, желі — бұл стилімен, заманауи дизайнымен, ерекше фототүсірілім мүмкіндіктерімен және жоғары өнімділігімен ерекшеленеді.

HONOR брендінің өнімдері Қазақстанда 2022 жылдың қыркүйегінен бастап ұсынылған. Осы уақыт ішінде біздің смартфондар нарықта танылып және тұтынушылардың сеніміне ие болды. X сериясының миссиясы жоғары технологияны барлығына қол жетімді ету болып табыладыБұл 21 ғасырдағы озық компанияның шынымен не істей алатынын көрсететін бағыт»- деп түсіндіреді Джонибек Вэй, Қазақстандағы HONOR өңірлік директоры.

X сериясының сәттілігіне орай Honor компаниясы Алматы тұрғындары үшін жаңа HONOR X9b смартфонының ашық тұсаукесерін өткізді. Мегаполистің ең ірі сауда орталығының бірінде белгілі тележүргізуші Серік Акишев құрылғыны ойын түрінде беріктікке тексеруді ұсынды. Краш-сынаққа барлық ниет білдірушілер қатыса алды, ал олардың ең ептілері жаңа смартфон ұтып алуға мүмкіндік алды. Тәжірибенің айқындығын журналист Асхат Ниязов, стендапер Ғалым Қалиақбаров, блогер Карина Сыздықова, актер Шыңғыс Капин және жұртшылықтың басқа да өкілдері бақылап отырды.

Алматы тұрғыны ептілік сынағында үздік болып атанды. Ол жаңа смартфонды ұтып алды алды және HONOR Х9b-дің күнделікті қолданудағы барлық артықшылықтарын бағалай алады, ал креш-сынағының қалған қатысушылары кез-келген HONOR смартфонын сатып алуға жеңілдіктер түрінде ынталандыру сыйлықтарын алды.

HONOR X9b – X сериясының ең жаңа толықтыруы, оның басты артықшылығы сынбайтын экран болды. Құрылғы тіпті ең қатты жамылғы-беттерге құлауға төтеп бере алады, ал HONOR компаниясына соққыға төзімді технологиясы үшін әлемдегі алғашқы швейцариялық SGS компаниясының бес жұлдызды сертификатын алуға мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда Х-сериясы 39 990 теңгеден 299 990 теңгеге дейінгі баға ауқымында бес түрлі моделімен ұсынылған.