HONOR компаниясы HONOR Magic6 Pro және HONOR Magic V2 смартфондарында Android 15 Beta әзірлеушілері үшін бағдарламаның басталуы туралы жариялады

HONOR жаһандық технологиялық бренді әзірлеушілер үшін Android 15 Beta 1 нұсқасының қолжетімділігін хабарлады. HONOR Magic6 Pro және HONOR Magic V2 смартфондары ең жаңа операциондық жүйенің тестілік нұсқасын алатын алғашқы смартфондарға айналды.

Бағдарлама әзірлеушілер үшін жаңа функцияларды тестілеу және HONOR флагмандық смартфондарындағы қолданбалардың құнын жоғарылату үшін Android жаңартуларына ерте қол жеткізу мүмкіндігін көздейді. Android 15 нұсқасы жақсартылған қауіпсіздікпен және құпиялылықпен қоса, пайдаланушылық тәжірибедегі елеулі өзгерістерді, ресурстарды оңтайлы басқару мен басқа да өзгерістерді алып келеді.

Құпиялылық және қауіпсіздік

Android 15-пен пайдаланушылар жеке ақпаратты қорғау үшін және құрылғының қауіпсіздігі үшін көбірек бақылауға қол жеткізеді. SDK жиынтығында пайдаланушылардың жеке деректеріне қолжетімділікті қажет етпей,  жарнамалық сервистер мен басқа да қызметтерді іске қосуға  арналған «Құморта» пайда болды. Сонымен қатар, Android 15-те рұқсаттамаларды басқаруға арналған жаңа бөлімі бар жақсартылған құпиялылық индикаторы қосылды, ол бөгде сервистердің камераға және микрофонға қол жеткізуі кезінде қорғау статусын түсінуге мүмкіндік береді.

Өнімділік және энергия тұтынушылық

Android 15 нұсқасы құрылғыны қоректендіру жүйесімен қоса ойындар мен энергия жұмсайтын қолданбалардың өзара әрекеттесуін басқаруға арналған Android Dynamic Performance Framework (ADPF) мүмкіндігін жетілдіруді жалғастыруда, бұл GPU, CPU және суыту жүйесінің оңтайлы қызмет етуін, сондай-ақ фон режиміндегі ұзақ жұмысты талап ететін қолданбалардың жақсартылған энергия тиімділігін қамтамасыз етеді.

Android 15 пайдаланушылары қолданатын функцияларды дербестендіру үшін көбірек мүмкіндіктерге ие болады. Мысалы, «Камера» қолданбасында жарқылдың қарқындылығын басқару пайда болады, ал әзірлеушілер Android API-интерфейстерін және ұсынылатын Google инструменттерін пайдаланушылық сценарийлерді әріқарай кеңейту үшін қолдана алады.

Android 15 Beta 1 қолжетімділігі

HONOR компаниясы әзірлеушілердің Android операциондық жүйесінің келесі нұсқасы үшін қолданбаларды оңтайландыруға мүмкіндігінше ертерек кірісу және жаңа функциялар мен технологияларды ескере отырып, барынша үздік пайдаланушылық тәжірибені қамтамасыз ету ұмтылысына белсенді қолдау көрсетеді. Android 15 Beta 1 нұсқасының жаңартылуы HONOR Magic6 Pro және HONOR Magic V2 смартфондары үшін енді қолжетімді.

HONOR Magic6 Pro — бұл HONOR Falcon инновациялық камерасы мен пайдаланушының ниеттерін түсінуге негізделе отырып, операциондық жүйемен және қолданбалармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ететін үлкен MagicLM тілдік моделі бар флагмандық смартфон. HONOR Magic V2 смартфоны қалыңдығы 1 сантиметрден кем, әлемдегі алғашқы бүктемелі смартфон, бұл классикалық форм-фактормен салыстырғанда пайдалану жайлылығындағы айырмашылықтарды жоюға мүмкіндік берді. Екі смартфон да кепілді түрде MagicOS операциондық жүйесінің 4 ірі жаңартуына, әрі 5 жыл бойғы қауіпсіздік жаңартуларына ие болады.