HONOR Magic5 Pro флагмандық смартфоны таныстырылды

HONOR жаһандық технология бренді Қазақстанда HONOR Magic5 Pro флагмандық смартфонының сатылымының басталғанын хабарлады.

Ең озық техникалық шешімдердің арқасында HONOR компаниясының Magic5 Pro флагманы өнім дизайны, экран сапасы, түсіру мүмкіндіктері және жалпы өнімділігі бойынша көшбасшыға айналды. Бұл факторлар біріккенде жоғары сапалы смартфон сегментінде жаңа сапа стандарттарын белгілеп, пайдаланушының ең жақсы тәжірибесін ұсынады.

Симметриялық қалқымалы экран дизайны

HONOR Magic5 Pro ультра тар жиектері бар төрт иілген экраны бар. Артқы жағындағы көз тартарлық дөңгелек дизайндағы үш камера орналасқан.

Қалқымалы 6,81 дюймдік LTPO экраны бар HONOR Magic5 Pro оқу, ойын ойнау, фильмдер немесе жай ғана интернетті шолу сияқты белсенділіктерге жаңа әсер береді. Артқы жарықты басқарудың жаңа технологиясы 1800 нитке дейінгі әсерлі жарықтылықты қамтамасыз етеді. Бұл жарқын күн сәулесінде пайдаланудың ең жоғары жайлылығына кепілдік береді.

Сонымен қатар, HONOR Magic5 Pro дискретті экран чипімен жабдықталған. Ол қозғалатын кескіндердің сапасы мен HDR мазмұнын ойнатуды жақсартады. Бейне анықтығын арттырып, қуатты аз пайдалану кезінде жоғары кадр жиілігін қамтамасыз етеді. HDR10+ және IMAX Enhanced сертификаты бар HONOR Magic5 Pro экраны одан да жақсы сурет сапасы бар фильмдерді тамашалауға мүмкіндік береді.

Жылтырауды азайту мүмкіндігі көздің шаршауын басу үшін HONOR Magic5 Pro экранының жарықтығын тиімді реттейді. Күндізгі уақыт параметрлері бар жаңа «Циркадты түнгі экран» мүмкіндігі көк жарықтың жағымсыз әсерін азайтып, пайдаланушының ұйқы сапасын жақсартады. HONOR Magic5 Pro экраны 2160 Гц дейінгі PWM жиілігімен жұмыс істейді. Бұл жылтырауды азайтып, аз жарықта контентті қауіпсіз көруді қамтамасыз етеді.

Мобильді фотосуреттер мен бейнелердегі ең керемет мүмкіндіктері

HONOR Magic5 Pro әр сенсордың рұқсаты 50 МП болатын үш негізгі камерамен жабдықталған. Кең және ультра кең бұрышты оптика, телефото линза кез келген түсірілім кезінде толық шығармашылық еркіндікті қамтамасыз етеді.

Жаңа Ultra Fusion есептеу фотосуреті алгоритмі кескіннің анықтығын 3,5 еседен 100 есе ұлғайту кезінде жақсарта түседі.  HONOR Image Engine өте жылдам «Сұңқар қырағы» технологиясына қуат береді. Сондай-ақ, пайдаланушылар «Тамаша түн» көмегімен жарық аз көріністерді түсіре алады, ал «Зерделі қозғалысты түсіру» кадрдағы көріністі не болып жатқанын анықтап, ең жақсы кадрды автоматты түрде түсіре алады.

Құпиялылық пен қауіпсіздіктің жоғарылығы

HONOR Magic5 Pro Qualcomm компаниясымен бірлесіп жасалған Dual-TEE аппараттық қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Дискретті қауіпсіздік чипімен HONOR Magic5 бет пен саусақ ізін сканерлеу сияқты құпия сөздер мен биометриялық деректер үшін максималды қорғауды қамтамасыз етеді.

HONOR Magic5 Pro телефоны қоңыраулар кезінде «Құпия сөйлесу» атты саланың бірінші кеңістікті басқару және шуды басу технологиясын ұсынады. Мысалы, лифт кетіп бара жатқанда адам саны көп болса да, бірақ тыныш ортада өзге жандар қоңырау шалушының сөзін анық ести алмайды.

Флагмандық өнімділік технологиялары

Ең соңғы Snapdragon® 8 Gen 2 мобильді платформасы өнімділік, ойын ойнау немесе сауық құру тәжірибесі үшін теңдесі жоқ қуат береді. HONOR Magic5 Pro дәстүрлі дизайнмен салыстырғанда сымсыз тарату жылдамдығын 200%-ға жақсартатын және кідіріс уақытын 30%-ға азайтатын жеке архитектуралық Wi-Fi және Bluetooth антенналарын алғашқы рет қолданады.

HONOR Magic5 Pro күні бойы үздіксіз пайдалану үшін 5100 мАч батареямен жабдықталған. Оны толтыру үшін сымды қуаттауда 66 Вт және сымсыз қуатта 50 Вт  бар. HONOR SuperCharge технологиясын қолдайтын адаптерлер мен Qi станциялары қолданылады.

HONOR Magic5 Pro Android 13 негізіндегі ең соңғы MagicOS 7.1 операциялық жүйесін басқарады.

Премиум қызмет

Magic5 Pro барлық жаңа иелері премиум қызметтерге қол жеткізе алады. Атап айтсақ, бұл сатып алған күннен бастап 6 ай ішінде зақымдалған жағдайда экранды тегін ауыстыру, негізгі кепілдік мерзімінен асатын қосымша алты ай қызмет көрсету, смартфонды жөндеуге дейін және кейін сервис орталығына тегін жеткізу.

Жаңа өнімнің түсі және қол жетімділігі

HONOR Magic5 Pro «Қараңғы түн» және «Ашық жасыл» секілді екі түсте ұсынылған. : Mechta.kz, Evrika, Technodom және Vokk Mobile дүкендерінен смартфонды ұсынылған баға 599 990 теңгеге сатып алуға болады. 30 маусымға дейін жаңа HONOR Magic5 Pro сатып алған жағдайда сыйлыққа HONOR Watch GS 3 смарт сағаты беріледі.