Хромтауда ERG Ғылыми зерттеу инжинириг орталығының жаңа зертханасы ашылды

Хромтауда ашылған ERG ҒЗИОның жаңа зертханасы өндіріске кенді байытудың тың технологияларын енгізуге сеп болады. Ол  кенді байыту саласында тың әзірлемелер даярлау мен оны енгізу, кең ауқымды зерттеулер мен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, Хром мен Темір дивизиондарында қазір бар процестерді одан ары жетілдіре түсуге септеседі.

2017 жылдан бері ERG Ғылыми зерттеу инжинириг орталығының мамандары «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң ТКБК кенді байыту мен кесектеу фабрикасындағы екі ғимаратта жұмыс істеп келді. Жаңадан салынған ғимараттың аумағы – 900 шаршы метр. Онда жоғарытехнологиялық байыту жабықтарын қолдана отырып, сағатына 100 келі өнім алатын әрі кенді өндіруден бастап, сүзгіден өткен дайын концентрат алуға дейінгі барлық технологиялық процесті түгел модельдей алатын жабдықтар орнатылған. Бұл зертхана – өз ісін шын сүйетін кәсіби мамандардың бірлесе атқан ауқымды жұмысының жемісі.

– Осыған дейін Ғылыми зерттеу инжинириг орталығының байыту зертханасы мамандарға жүктелген міндеттердің бәрін түгел қамти алмай келді, — дейді ERG ҒЗИО зертханасының басшысы Ләззат Қауанова.  – Сол себепті бізге жеке кең ауқымды зертхана салу туралы бастама көтердік. Әрі оның мүмкіндіктері бізге қажетті сынақтардың толық спекторын түгел қамтуын ойластырдық. Енді бізге қажеттінің бәрі бар. Технологияны таратып, масштабтау уақытының қысқаруы біздің қосымша артықшылығымыз болады. Себебі осыған дейін субподряд ретінде сыртқа беріліп келген жұмыстардың басым бөлігін енді жаңа зертханада өзіміз істей аламыз. Тіпті келешекте байыту мүмкіндігін зерттеу ісінде сырттағы, өзге ұйымдарға да қызмет көрсету мүмкіндігін қарастыратын боламыз.

Байыту зертханасы ERG-дің Хром және Темір девизиондарын қолдау үшін салынды. Ал кәсіпорындардың өздерінде бар зертханалар операциондық тораптарды іріктеу, кірер кенді бақылау, қазір қолданылып жатқан технологияны бақылау мен қолдау сынды операциондық қызметке септеседі. ERG Ғылыми зерттеу инжинириг орталығының зертханасы кенді байыту саласында тың әзірлемелер даярлау мен оны енгізу, кең ауқымды зерттеулер мен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу әрі қазір бар процестерді барынша жетілдіру қамындағы инновациялық қызметті іске асырады.

– Жаңа зертхана ERG Ғылыми зерттеу инжинириг орталығының зерттеу жұмыстарын жүргізуіне жаңа мүмкіндіктер беріп отыр, — деді ERG ҒЗИО Бас директоры Ринат Гардиев.  – Енді команданың тың идеяларға ден ойып, алдағы жылдары басымдық бірелітін негізгі мәселелерді зерттеп, күрделі міндеттерді шешуіне барынша жағдай жасалған.

Байыту зертханасының алдағы жылы қолға алатын жобаларының қатарында «mach реакторды» қолдана отырып, шлам қалдықтарынан бағалы компонентті алу қамындағы флотациялық сынақтар, құрамындағы хром үлесі 46-48% деңгейінде болатын концентрант алу үшін кекті мультигравитациялық сепаратормен байыту, Қашар карьерінің темір кенін ұсату тесті, сепараторда темір кені концентраты мен шикізатты байыту, су мен реагенттер құрамындағы концентрацияны титрометриялық тәсілмен анықтау, қазір өндірісте қолданылып жүрген технологиялық процестерді модельдеуге септесу жобалары бар.