Хромтауда премиум маркалы құрылғылармен жабдықталған жаттығу залы ашылды

Жаңаланған жаттығу залы ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатының дене шынықтыру және сауықтыру кешені базасында ашылды. Кіру қала тұрғындарының барлығына бірдей ашық.

Көлемді жаңарту ERG (Еуразиялық Топ) кәсіпорындарының спорттық инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасының аясында жүзеге асты.

Зал замануи дизайнмен, әлемнің ең үздік маркалары – Hoist және Technogym жаттықтыру құрылғыларымен жабдықталған. Кардио-стрейчинг, функционалды жаттықтырғыштар мен әртүрлі салмақтағы спорт құрылғылары тағы бар.

Жаңа залда Қазір әлем бойынша қарқын алып, кез келген адам жаттыға алатын топтық фитнеспен де шұғылдануға болады. Жүгіру жолдарының көптігі, спортшының өз салмағымен жаттыға алатын механикалық әдістің болуын атап өту керек.

– Залдың атауы да ерекше. ERGym. Мағынасына үңілсек, жайдан-жай таңдалмағаны анық, — деді Олжас Уразбаев. – Exercise and Recovery – бұл физикалық жаттығулар мен нәтижелі қалыпқа келу. Мысалы, жаттығудан немесе қайта оңалтудан кейінгі ұзақ үзілістен соң.

– Біздің қызметкерлер спорт десе, ішкен асын жерге қояды, — дейді дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің басшысы Елена Митрофанова. – Залда жөндеу жұмыстары жүріп жатқанда, әрине, біршама сұрақтар туындағаны рас. Көпшілік ашылуын тағатсыздана күтті, жаттығу үшін мүмкіндіктер де сұраған еді. Ал қазір мұның барлығын жоғары деңгейде, білікті жаттықтырушылардың жетекшілігімен жасауға болады.

Мұндағы сапалы жабдықтар да, залдың аумағы да бірегей. Сондай-ақ, мұнда келген әр адам өзіне шақ келетін тренажер таба алады. Шағын саймандарды есептемегенде, алпыс позиция – денені созу аймағы, өте жоғары деңгейдегі есу, әртүрлі салмақтағы спорт құрылғыларымен жұмыс, велотренажерлер және тағы да көптеген құрал-саймандар бар. Қазір жаз маусымы әрі кеше ғана ашылса да залға келушілердің саны көп. ERGym-ге мүлдем физикалық дайындығы жоқ және мүмкіндігі шектеулі адамдар да келе алады. 14 жастан асқан балалар, әуесқой спортшылар немесе кәсіби мамандарға зал есігі айқара ашық. Мұнда әркім өзі қалаған  шұғылданар ісін таба алады.

– Бұл бәріміздің  көптен күткен сәтіміз, — дейді №2 жөндеу цехының сенміділік бойынша  инженері Нұрбол Темірғалиев. – Жеке өзіме жаттығу залы ұнады. Әсіресе ішін сапалы жабдықтармен қамтамасыз еткені көңілімнен шықты. Білдектердің сапасы бірден көрінеді. Мен мұнда аптасына үш рет екі сағаттан жаттығып жүрмін. Өзім гір көтеруден спорт шеберімін.

Бүгінде жаттығу залы жаңа басқару жүйесіне ауысуда. Яғни келушілерге ыңғайлы болу үшін икемді кестемен жұмыс істейді. Болашақта абонемент сатып алуға да мүмкіндік бар.