HUAWEI nova 12 сериясы — cұлулық пен технологиядағы инновацияларға толы

Қазақстандағы Huawei тұтынушылық бизнесі «Super Slim, Super Selfie» науқаны аясындағы өнімдердің жаңа сериясын шығару туралы хабарлайды. Жаңа өнім желісі селфиге инновациялық көзқарасымен және жоғары өнімді технологияларды талғампаз дизайнмен үйлестіруімен ерекшеленетін флагмандық HUAWEI nova 12 сериясын қамтиды.

Ультражұқа, ультраселфи

HUAWEI nova сериясы әрқашан стиль мен технологияның үйлесімімен танымал. Ал жаңа nova 12 сериясы да көштен қалыспай, өз ерекшеліктерімен таң қалдыруға дайын. HUAWEI nova 12s, 12 SE және 12i ультра жұқа және стильді дизайны құрылғыларға ғарыштық үйлесімділік пен жастардың еркіндікті сүйетін рухынан шабыттанған ерекше көрініс сыйлайды. Таңғажайып Star Orbit Ring және Super Star Orbit Ring дизайны nova сериялы смартфондарға ерекше сүйкімділік пен бірегейлік береді.

Селфи камерасының инновациясының жаңа шегі

HUAWEI nova 12 сериясы пайдаланушыларға бірегей селфи тәжірибесін ұсынып, алдыңғы камералар саласында алда болуды жалғастыруда. Соңғы HUAWEI nova 12s кең көру бұрышы бар 60 мегапиксельді ультра кең селфи камерасымен ерекшеленеді. Бұл сізге жарқын, анық топтық суреттер түсіруге және өмірдің қайталанбас сәттерін жоғары сапамен түсіруге мүмкіндік береді.

Бірегей және қуатты пайдаланушы тәжірибесі

Жаңа EMUI 14 операциялық жүйесі арқылы HUAWEI nova 12 сериясының пайдаланушылары қауіпсіздікті, жекелендіруді және тиімділікті арттырады. Live View және Lock Screen тақырыптары сияқты қосымша мүмкіндіктер құрылғыларды пайдалануды одан да ыңғайлы және қызықты етеді. Интуитивті интерфейс пен жаңа қауіпсіздік мүмкіндіктері арқылы құпиялылық пен қолданба рұқсаттарын толық бақылау оңайырақ.

Ұзақ жұмыс уақыты және жылдам зарядтау

HUAWEI nova 12 сериясы өнімділікті жақсартып қана қоймай, батареяның ұзақ қызмет ету мерзімін ұсынады. HUAWEI nova 12s және HUAWEI nova 12i смартфондары HUAWEI SuperCharge Turbo 2.0 және 40W HUAWEI SuperCharge Turbo жылдам зарядтау функцияларын қолдайтын қуатты батареялармен жабдықталған.

Жаңа HUAWEI өнімдерінің сериясын «ультра жұқа, ультра селфи» барлық ресми HUAWEI дүкендерінен және бренд серіктестерінен сатып алуға болады.