Интернет-казино мен «Қара» букмекерлердің қызметі туралы қалай хабарлауға болады?!

ҚР ТСМ Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Туризм және спорт министрлігі заңсыз ойын бизнесімен, оның ішінде лицензиясы жоқ букмекерлік кеңселермен және интернет-казинолармен күресті күшейтуде. Қазақстанда казино мен интернет-казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларға заңнамалық лицензияларынсыз ойын бизнесін жарнамалауға қатаң тыйым салынған.

Осыған байланысты ойын бизнесіне бей-жай қарамайтын ел тұрғындарынан белсенді азаматтық ұстаным көрсетулерін және интернет-казинолардың, «қара» букмекерлік кеңселердің және заңсыз құмар ойындар мен бәс тігудің басқа да ұйымдастырушыларының сайттарын анықтаған жағдайда URL-сілтемелерді, ілеспе материалдарды (фотосуреттер, скриншоттар) мына мекенжайлар бойынша жіберулеріңізді сұраймыз:

  1. Электронды пошта stop_online_casino@mail.kz
  2. WhatsApp мессенджер +7 707 907 15 07

Қысқа сілтеме: https://wa.me/message/47IZQWTOEYQWF1

  1. Telegram бот @stop_online_casino_bot

Қысқа сілтеме: https://t.me/stop_online_casino_bot

Сонымен қатар төмендегі сілтемеде ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына ие субъектілердің тізімдері, яғни өз қызметін заңды түрде жүзеге асыратын субъектілердің тізімдері орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism/activities/30029?lang=ru&parentId=29976.