ITS Директорлар кеңесі Құрмет Оразаевты жаңа бас атарушы директор (CEO) етіп тағайындады

ITS халықаралық сауда алаңының Директорлар кеңесі кезекті отырысында көпшілік дауыспен Құрмет Оразаевты 2026 жылғы 1 сәуірден бастап компанияның бас атқарушы директоры (СЕО) лауазымына тағайындау туралы шешім қабылдады.
Директорлар кеңесі сондай-ақ Шыңғыс Қанапияновты компанияның CEO қызметінен босату туралы шешім қабылдады.
«Директорлар кеңесі алаңның стратегиялық жағдайына жан-жақты талдау жүргізіп, оның әрі қарайғы дамуының басым бағыттарын айқындады. Біз Шыңғыс Қанапияновқа ITS-тің қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Оның басшылығымен платформа халықаралық өтімділік хабы ретінде қалыптасып, Қазақстан мен басқа елдердің инвесторларына жаһандық нарықтарға кең қолжетімділік ашты», – деп түсіндірді ITS Директорлар кеңесінің мүшесі Роман Горюнов.
«Біз биржалық индустриядағы мол тәжірибесі және ITS туралы терең білімі алаңның дамуының келесі кезеңі үшін берік негіз қалыптастыратын Құрмет Оразаевты қуана қарсы аламыз», – деп атап өтті Роман.
Оразаев – биржалық сауда және қаржылық инфрақұрылым саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар тәжірибелі басшы. 2009 жылдан бастап ол «Еуразиялық Сауда Жүйесі» (ЕТС) тауар биржасының басқармасын басқарады.
2012 жылдан бері Оразаев Тауар нарықтары комитетінің төрағасы және 2019 жылдан бастап Халықаралық биржалар қауымдастығы кеңесінің мүшесі болып табылады. 2023 жылдан бері ол тәуелсіз директор ретінде ITS директорлар кеңесінің құрамына кіреді, бұл стратегиялық бағыттың толық сабақтастығын қамтамасыз етеді.
«Бірге жұмыс істеген жылдарда ITS командасы инвесторларға жетекші әлемдік нарықтарға нақты қолжетімділік ашқан бірегей инфрақұрылым құрды. Мен әріптестеріме, серіктестеріме және сауда қатысушыларына бірге өткен жол үшін алғыс айтамын. Келесі кезеңде алаң сенімді дамуын жалғастырады деп сенемін және Құрметке және бүкіл командаға жаңа жетістіктер тілеймін», – деп атап өтті Қанапиянов.
«ITS – өсу үшін айқын әлеуеті бар платформа. Директорлар кеңесінде жұмыс істей отырып, мен команданы, стратегияны және алаңның мүмкіндіктерін жақсы білдім. Менің міндетім – басталған істің сенімді жалғасуын қамтамасыз ету: инвесторлардың жаһандық нарықтарға қолжетімділігін кеңейту, қатысушы брокерлердің санын және құралдар желісін арттыру, ITS-тің халықаралық сауда саласындағы өңірлік көшбасшы ретіндегі позициясын нығайту, сондай-ақ АХҚО шеңберінде тауар нарығын бірлесіп дамыту бойынша ITS және ЕТС арасындағы ынтымақтастықты жалғастыру», – деп мәлімдеді Оразаев.



