JET айыппұл жүйесінің тиімділігін көрсетуде: бұзушылықтар саны 15%-ға азайды

Қазақстандық JET кикшеринг сервисі пайдаланушылар арасында тіркелген бұзушылықтар санының айтарлықтай азайғаны туралы мақтанышпен хабарлайды.
Айыппұл жүйесінің екінші айының қорытындысы бойынша, ресми тіркелген бұзушылық жағдайларының саны 15%-ға азайған. Бұл сандар тек құжатталған оқиғаларды ғана көрсететінін айта кеткен жөн, ал бұзушылықтардың нақты көрінісі әлдеқайда кең ауқымды болуы мүмкін.
Кезеңдегі негізгі көрсеткіштер (2025 жылғы 13 шілдеден 13 тамызға дейін):
- Барлық жазылған айыппұлдар: 1596;
- Тұраққа қою тәртібін бұзу: 1391 (жалпы көрсеткіштің 87%-ы);
- Екі адамның мініп жүруі: 103 жағдай;
- Электр самокатының зақымдануы немесе бұзылуы: 95 жағдай.
«Біз электр самокаттарында қауіпсіз қозғалу мәдениетін қалыптастыруда оң динамиканы байқап отырмыз. Тіркелген бұзушылықтар санының азаюы жүйеміздің тиімділігін растайды. Дегенмен, ұсынылған сандар – мардымсыз бөлігі ғана екенін түсінеміз. Біздің басты мақсатымыз – бұзушылық үшін жазалау ғана емес, сонымен қатар микромобильділікті пайдаланушылар арасында жауапты жүріс-тұрысты қамтамасыз ету», – деп атап өтті Қазақстандағы JET компаниясының даму жөніндегі директоры Виталий Мошкин.
Айыппұл жүйесі туралы
Естеріңізге сала кетейік, JET Қазақстандағы айыппұл жүйесін енгізген алғашқы кикшеринг қызметі болды. Бастама 2025 жылғы 13 маусымында «Тұраққа дұрыс қойыңыз» ақпараттық науқаны аясында жол қозғалысына қатысушылардың барлығының қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыру мақсатында іске қосылды. Бұрын электр самокаттатының тұтқаларына пайдаланушыларға ЖҚЕ сақтаудың және тұраққа дұрыс қоюдың маңыздылығын үнемі ескертіп отыратын ақпараттық аспалар орнатылған болатын. Жақында JET командасы қосымша қауіпсіздік элементтерін ықпалдастыру арқылы мобильді қосымшаны жаңартты. Енді жол жүруді аяқтап, тұраққа қойылған самокатты суретке түсірген кезде пайдаланушылар тұраққа қою ережелері мен айыппұл жүйесі туралы арнайы ескерту алады.
Telegram-канал: JET айыппұл жүйесінің тиімділігін көрсетуде: бұзушылықтар саны 15%-ға азайды



