JET айыппұл жүйесінің төртінші айының қорытындысын шығарды

Микромобильділік саласындағы Қазақстандағы жетекші компания JET электросамокат пайдаланушыларының қауіпсіздігі мен тәртібін арттыру мақсатында енгізілген айыппұл жүйесінің төртінші айының нәтижелерін жариялады. Есептік кезеңде тіркелген бұзушылықтар саны алдыңғы аймен салыстырғанда 113% өсті, бұл бақылаудың күшеюі мен полициямен өзара іс-қимылдың артуымен түсіндіріледі.

2025 жылғы 13 қыркүйектен 13 қазанға дейінгі кезеңде жалпы 6 450 бұзушылық тіркелді. Оның ішінде:

●      тұрақ ережелерін бұзу – 3 530 жағдай;

●      бір немесе бірнеше жолаушыны тасымалдау – 2 430 жағдай;

●      кәмелетке толмаған пайдаланушылар – 410 жағдай (аккаунттар бұғатталған);

●      самокаттарға зақым келтіру – 80 жағдай.

Салыстырмалы түрде алғанда, алдыңғы айда (13 тамыз – 13 қыркүйек) 3 026 бұзушылық тіркелген болатын, бұл компания мен құқық қорғау органдары тарапынан бақылаудың айтарлықтай күшейгенін көрсетеді.

«Айыппұлдар санының артуы – тәртіптің нашарлағанын емес, бақылау жүйесінің ашықтығы мен тиімділігінің артқанын білдіреді. Жаңа шаралар мен ІІМ-мен тығыз ынтымақтастықтың арқасында айыппұл жүйесі қауіпсіз қозғалыс мәдениетін қалыптастырудың нақты құралына айналып келеді. Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырып, жыл соңына дейін барлық кикшеринг операторларына арналған бірыңғай Telegram-ботты іске қосуды жоспарлап отырмыз», — деді JET компаниясының бас директоры Мусалав Алибеков.

JET 2025 жылғы 13 маусымда Қазақстанда кикшеринг саласында айыппұл жүйесін енгізген алғашқы компания болды. Бұл тетік қайталанатын бұзушылықтар үшін санкцияларды кезең-кезеңімен қатаңдату қағидатына негізделген. Жүйенің басты мақсаты — жазалау емес, электросамокаттарды қауіпсіз әрі жауапкершілікпен пайдалануға дағдыландыру.

JET айыппұл жүйесі:
Мәртелік Айыппұл сомасы (KZT)
1 Бірінші ереже бұзушылық үшін 100,00
2 Қайталанған ереже бұзушылық үшін 1 000,00
3 Үшінші ереже бұзушылық үшін 3 000,00
4 Төртінші және келесі ереже бұзушылықтар үшін 10 000,00

Тұрақ ережелерін бұзу, жолаушы тасымалдау және басқа да жағдайлар туралы хабарламаларды ресми Telegram-ботқа — @JETKZBOT немесе support@jetshr.com  электронды поштасына жіберуге болады. Өтінішті өңдеу үшін электросамокаттың алты таңбалы сериялық нөмірі анық көрінетін фотосуретін, сондай-ақ оқиға болған күнін, уақытын және мекенжайын көрсету қажет. Бұл деректер JET командасына көлік құралын, аккаунт иесін жедел анықтауға және сервис ережелеріне сәйкес шара қолдануға мүмкіндік береді.