JET Бразилиядағы қатысу аясын кеңейтуді жоспарлап отыр

Орталық Азия, Кавказ және Латын Америкасындағы микромобильдік саласының қазақстандық көшбасшысы JET Бразилиядағы электросамокаттар паркін 200 мың бірлікке дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан астанасы Астанада өткен бизнес-форум барысында Бразилия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрі Мауро Виейра мәлімдеді.

JET Солтүстік Америкадағы алғашқы нарығына шығып, Мексикада қызметін іске қосты

Министрдің айтуынша, бүгінде JET электросамокаттары Бразилия астанасы мен бірқатар ірі қалаларда қолданыста бар және қалалық мобильділік жүйесін жаңғыртуға ықпал етіп келеді.

«Мен компанияның көрсеткіштері мен даму болжамдарымен таныстым. JET Бразилиядағы электросамокаттар санын 200 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл – өте ауқымды көрсеткіш», – деді Мауро Виейра.

Ол сондай-ақ қазақстандық компаниялардың Бразилия нарығындағы белсенділігі Қазақстанның цифрлық технологиялар мен инновациялық сервистер саласындағы көшбасшылық әлеуетін айқын көрсететінін атап өтті.