JET Қазақстанда клиенттер өтінішінің 90%-ын жасанды интеллектке тапсырып, жауап сапасын арттырды

Қазақстандық JET кикшеринг операторы жасанды интеллекттің (ЖИ) көмегімен клиенттік сервистің тиімділігін арттырды. Гибридті қолдау жүйесін және ЖИ негізіндегі сапаны бақылаудың жеке модулін енгізу ботқа Қазақстандағы пайдаланушылардың барлық өтініштерінің 90,7%-ын қызметкерлердің қатысуынсыз толық өңдеуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде жауап қайтару уақыты бірнеше секундқа дейін қысқарды.
2026 жылдың тамыз айында JET-тің Қазақстандағы қолдау ботына 20 347 өтініш түскен. Оның 18 459 диалогын цифрлық ассистент өзі жапты. Қалған 1 888 сұраныс (9,3%) бірінші желідегі мамандарға автоматты түрде бағытталды.
Жүйе қалай жұмыс істейді:
- Жылдам бағыттау: Бот секундтың үлесінде өтініш түрін анықтап, стандартты сұрақтар бойынша (тарифтер, тұрақ аймақтары, жалға алуды аяқтау) дәл шешім ұсынады.
- Іркіліссіз эскалация: Егер жағдай стандартты емес немесе техникалық тұрғыдан күрделі болса, диалог операторға жазысқан хаттардың толық тарихымен бірге беріледі. Бұл қызметкерлерді күнделікті рутинадан босатып, күрделі кейстерде пайдаланушыларға көмек көрсетуге басымдық беруге мүмкіндік береді.
Қателіктер қаупін («нейрожелі галлюцинацияларын») жою және жоғары қызмет көрсету деңгейін ұстап тұру үшін JET AI QC (AI Quality Control) жеке автотексеру модулін іске қосты. Нейрожелі автоматты режимде боттың жазысқан хаттарының 100%-ын төрт негізгі метрика бойынша талдайды:
- Тілдік дәлдік: Қазақ және орыс тілдерін толыққанды қолдау. Бот сөйлеу ерекшелігі мен енгізу тіліне қарамастан, өтініш контекстін танып, клиенттің тілінде жауап береді.
- Үн қату мәнері (Tone of Voice): Канцеляризмсіз, салқындықсыз, айыптаусыз және менсінбеушіліксіз жанды әрі жылы қарым-қатынас.
- Релеванттылық: Жалпылама немесе ауытқыған тұжырымдарсыз, сұрақтың мәні бойынша нақты жауап.
- Деректік дәлдік: Қателіктерді толық болдырмау — ботқа тариф шарттарын, сомаларды, мерзімдерді ойдан шығаруға немесе орындалмайтын уәделер беруге қатаң тыйым салынған.
AI QC модулі жүргізген кешенді тексеру қорытындысы бойынша, тамыз айында Қазақстандағы JET боты жауаптарының орташа сараланған сапа бағасы 10 балдан 9,67 балды құрады.
«Кикшерингте қолдау қызметінің реакция жылдамдығы көшедегі пайдаланушының жайлылығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Адам самокаттың қасында тұрғанда, оған шешім дәл қазір керек. Жасанды интеллект рутиналық жұмысты өз мойнына алып, санаулы секундта жауап береді, ал қатаң AI-тексеру диалогтың түсіністікпен, сауатты әрі дәл жүргізілуіне кепілдік береді. Сонымен бірге біздің мамандар тобы тек адам факторы маңызды болып табылатын күрделі жағдайларға назар аударады», — деп атап өтті JET техникалық және клиенттік қолдау бөлімінің басшысы Дариға Оспан.
Саппортқа мультимодальды ЖИ-құралдарын енгізу — JET-тің жаһандық технологиялық стратегиясының бір бөлігі. Компания клиенттік сервистің нейрожелілік технологияларын дамытуды, тілдік модельдерді жетілдіруді және сервис қатысатын барлық нарықтарда өтініштердің контекстін тану дәлдігін арттыруды жалғастырады.




