JET самокаттары Мексика астанасында іске қосылды

Қазақстандық тамыры бар халықаралық микромобильдік оператор JET Мехико қаласында электросамокаттарды жалға беру сервисін ресми түрде іске қосты. Солтүстік Американың ең ірі мегаполисіне шығу — сәуір айының соңында Мексиканың Сан-Педро-Гарса-Гарсия муниципалитетінде сәтті техникалық іске қосудан кейінгі брендтің аймақтағы ауқымды экспансиясының жалғасы болды.

Мехиконың трансформациясы — шеринг мәдениетін дамытатын мегаполистер үшін халықаралық үлгі. Халқы 20 миллионнан асатын және жол жүктемесі өте жоғары бұл алып шаһар өзінің көлік моделін қайта құра алды. Шамамен 600 шақырым веложол салу және оларды метро жүйесімен тиімді байланыстыру баламалы көлік инфрақұрылымына салынған инвестициялардың миллиондаған тұрғынның әдетін өзгерте алатынын дәлелдеді. Бұл микромобильділіктің «соңғы миля» мәселесін шешудегі тиімді құрал екенін көрсетті.

JET Group компаниясының CEO-сы Мусалав Алибеков:

«Біз Латын Америкасындағы экспансиямызды белсенді түрде жалғастырып келеміз, ал Мексика астанасы біз үшін стратегиялық маңызы жоғары нарықтардың бірі. Әрбір жаңа локацияға шығу — операциялық модельдің икемділігін, жергілікті менталитетке бейімделуін және қатаң реттеуші талаптарға сәйкестігін сынайтын маңызды кезең. Мехико экологиялық таза көлікті дамыту үшін үлкен әлеуетке ие, және біз бүкіл ел бойынша қатысу географиямызды кезең-кезеңімен кеңейтуді жоспарлап отырмыз»

Мексика JET үшін қатысу географиясындағы тоғызыншы ел және Латын Америкасындағы үшінші нарық болды. Бұған дейін компания Бразилия мен Чилиде жұмысын бастаған еді. Енді Мексика тұрғындары да қысқа сапарларға арналған көк түсті электросамокаттарды пайдалана алады.

Қазақстандық тамырына қарамастан, компания шетелдік нарықтарда көшбасшылық позицияны иеленіп отыр. 2026 жылдың қорытындысы бойынша JET табысының 95%-ы Қазақстаннан тыс нарықтардан түседі деп күтілуде. Компания Орталық Азия, Кавказ және LATAM өңіріндегі жетекші микромобильдік операторлардың бірі ретінде позициясын нығайтып келеді.

Солтүстік Америка нарығына шығу — JET Group компаниясының жаһандық стратегиясын жүзеге асырудағы кезекті қадам. Алдағы бес жылда компания әлемдегі микромобильдік операторлардың ТОП-3 қатарына кіруді мақсат етеді.

Қазіргі таңда JET төрт құрлықтағы 80-нен астам қалада жұмыс істеп, 75 мыңнан астам құрылғыдан тұратын паркті басқарады.