Қала күніне орай «Алма» бірінші тақырыптық иллюстрацияланған басылымының салтанатты тұсаукесері өтеді

«Cultural Dialogue» Қоғамдық Қоры Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейімен бірлесіп, 2023 жылдың 16-шы қыркүйегінде сағат 19:00-де «Алма» альбомының көрмесі мен тұсаукесерінің ашылатыны туралы қуана хабарлайды. «Алма» альбомын ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссия қолдады.

«Алма» альбомы Мемлекеттік өнер музейі топтамасындағы қазақстандық суретшілердің, графика өкілдері мен мүсіншілердің туындыларын паш ететін алғашқы тақырыптық иллюстрацияланған жинақ болып табылады. Бұл таңдаулы басылым Алматы қаласының символы болып табылатын алма жемісіне арналған. Альбомға мұражай қорынан Қазақстанды алманың отаны ретінде таныстырып, терең мәлімет беретін 90 жауһар енген. Репродукцияларға белгілі қазақстандық мәдениет қайраткері Екатерина Резникова түсініктемелер берген.

Көрменің басты тақырыбы болып табылатын алма жемісі Алматы қаласы күнін тойлауда басты кейіпкер болып табылады. Қазіргі ғылым әлемдегі 2500-ден астам алма ағашы сұраптарының атасы болып табылатын «Malus sieversii» деген атпен белгілі жабайы алма ағашы Қазақстанда өсетінін растады.

Көрме түрлі буын суретшілері шоқжұлдызының жұмыстарын қамтиды, олардың әрқайсысы өз жұмыстарында әсем гүлденген бақтарды, мол егін өнімдерін және шырынды жемістерді бейнелеген.

Алматыдағы Кластерлік бюро директорының м.а. Амир Пиричтің айтуынша: «Бұл жоба Malus sieversii жабайы алма ағашының бірегейлігін және оның болашақ ұрпақ үшін жаһандық маңыздылығын көрсетеді»

Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының директоры Г. М. Жұмабекова баспа қызметіндегі жемісті ынтымақтастығы үшін жоба серіктестеріне алғысын білдірді.

«Cultural Dialogue» қорының директоры Жанна Мәмбетова: «Пәнаралық тәсілдің арқасында жоба өнер, ғылым және мәдени мұра әлемін үйлесімді түрде біріктіріп, табиғат пен мәдениеттің күрделі өзара байланысын ашады. Бұл біздің ортақ көркем шығармаларымыз бен оларды дүниеге әкелуге шабыттандыратын табиғат әлемі арасындағы терең байланыстың дәлелі ретінде қызмет етеді»

Көрнекті помологтар мен жеміс-жидек дақылдарын зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарының басшылары кітаптың тұсаукесерінің салтанатты рәсіміне шақырылды. Онда альбом даналары ғылыми-зерттеу мекемелерінің кітапхана қорларына тапсырылады. Таралымның көп бөлігі Қазақстанның алманың отаны ретіндегі имиджін нығайтуға ықпал ететін символдық сыйлық ретінде Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері мен консулдықтарына жіберілетін болады.