Қазақстан кикбоксингтен әлем чемпионатында 20 медаль иеленді, оның үшеуі алтын

БАӘ-нің Абу-Даби қаласында кикбоксингтен ересектер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.

Биылғы бәсекеге Ұлттық құрама сапында 49 спортшы қатысып, команда 3 алтын, 10 күміс және 7 қола медаль иеленді. Осылайша Қазақстан жалпыкомандалық есепте 12-орын алды. Барлығы жүлде алған мемлекеттер саны 49. Назарыңызға әлем чемпионатында жүлде алған спортшылар тізімін ұсынамыз:

Фулл-контакт бөлімі:
?Нұрасыл Тілектесов (51 кг)
?Дінмұхаммед Баймұратов (54 кг)
?Батырхан Қуандықов (67 кг)
?Мақсат Үсіп (71 кг)
?Марғұлан Айдарұлы (75 кг)
?Мұса Мерзиев (63,5 кг)
?Фазлиддин Сафаров (+91 кг)
?Лаура Нышанбай (56 кг)
?Тимур Ганза (81 кг)

К-1 бөлімі:
?Жандос Назарбеков (60 кг)
?Әли Әбутәлі (67 кг)

Лоу-кик бөлімі:
?Әлихан Оздоев (67 кг)
?Дулат Дүйсенов (60 кг)
?Диас Карманов (57 кг)
?Шара Хамзина (65 кг)
?Нұрман Әбілтай (51 кг)
?Сарвар Сулайманов (54 кг)
?Илмаил Люшанло (63,5кг)
?Бекнұр Дауылбаев (+91 кг)

Лайт-контакт
?Нұрсәт Ғалымбекұлы (+94 кг)

Кикбоксинг елімізде бұқаралық сипат алған қоян-қолтық спорт түрінің бірі. Бүгінде мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып келеді әрі биыл ҚР Туризм және спорт министрлігі бекіткен жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізіміне кірді.

Айта кетейік, Абу-Дабидегі чемпионат 21 қарашада басталып, 85 елден 1964 спортшының басын қосты.