Қазақстан құрамасы үшін рекордтық күн: 9 алтын медаль мен Азия рекорды

Жастар, жасөспірімдер және қыздар арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатының бесінші жарыс күні Қазақстан құрамасының қоржыны 9 алтын медальмен және Азия рекордымен толықты.
17 жасқа дейінгі қыздар арасында 69 кг салмақ дәрежесінде Кира Данилова абсолютті чемпион атанды. Жұлқи көтеруде Кира 87 кг салмақты бағындырса, серпе көтеруде 111 кг-ды еңсерді. Қоссайыстың қорытындысы – 198 кг.
88 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен 19 жастағы Ерасыл Саулебеков Қазақстан құрамасына үш алтын медаль алып келді. Ол жұлқуда 153 кг, серпуде 191 кг көтеріп, қос сайыстың қорытындысы бойынша 344 кг нәтижесін көрсетті.
20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 94 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Денис Полубояринов абсолютті чемпион атанды. Жұлқи көтеруде ол 163 кг зілтемірді сенімді еңсеріп, алтын медаль иеленді. Серпе көтеруде 213 кг көтеріп, Азия рекордын жаңартты. Қоссайыс нәтижесі – 376 кг.
69 кг салмақ дәрежесінде Софья Шалгина Қазақстан құрамасына күміс медаль сыйлады. Жұлқуда ол 82 кг көтерсе, серпеде – 93 кг, қоссайыс нәтижесі – 175 кг. Дәл осындай нәтижемен қола медаль иегері атанды.
Осы салмақ дәрежесінде жарысқа қатысқан Айғаным Жанболат жұлқи көтеру сайысында 90 кг нәтижемен қола медаль жеңіп алды. Серпе көтеруде – 105 кг, ал қоссайыстың қорытындысы – 195 кг.
77 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 20 жасқа дейінгі қыздар арасында Аянат Жұмағали үш медаль иеленді. Жұлқуда 95 кг көтеріп, үшінші орын алды. Серпеде 122 кг еңсеріп, күміс медаль иеленді. Қоссайыс нәтижесі бойынша 217 кг бағындырған Аянат қола жүлдегер атанды.
9 шілде күні қазақстандық спортшылар келесі салмақ дәрежелерінде өнер көрсетеді:
- Аружан Дәулетова – 86 кг дейінгі салмақ (А тобы)
- Ансар Тұрсынбек – +94 кг салмақ дәрежесі (А тобы)
- Матвей Макрушин – 110 кг дейін (А тобы)
- Санжар Жолтай – +110 кг салмақ дәрежесі (А тобы)
Қазақстан құрамасының жалпы нәтижесі: 27 алтын, 8 күміс, 16 қола медаль.
Қазақстан ауыр атлетика федерациясы



