Қазақстан мен Вьетнамның пошта операторлары ынтымақтастық туралы жариялады

Мемлекет басшысының Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары аясында «Қазпошта» АҚ мен «Vietnam Post» корпорациясы арасында электрондық коммерция мен пошта қызметін дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы негізгі меморандумға қол қойылды.

Осы тарихи келісім аясында тараптар электрондық коммерцияны дамыту, тарифтік саясатты оңтайландыру, ақша аударымдары жүйесін жаңғырту және жеткізу маршруттарын оңтайландыру үшін күш біріктіреді. Меморандумға сәйкес екі пошта операторы арасындағы өзара тиімді қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған серіктестік байланыстар орнату жоспарлануда.

Меморандумға қол қою «Қазпошта» АҚ мен «Vietnam Post» корпорациясы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңызды кезеңі болып табылады, сондай-ақ екі тараптың да инновацияларды енгізуге және электрондық коммерция мен пошта саласында жоғары нәтижелерге бірлесіп қол жеткізуге ұмтылысын айғақтайды.

«Vietnam Post» корпорациясымен меморандумға қол қою Қазақстан мен Вьетнамда электрондық коммерция және пошта қызметін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз «Vietnam Post»-пен серіктестік осы салаларда үздік дағдылар мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретініне, сондай-ақ клиенттер үшін қызмет көрсету сапасын жақсартуды қамтамасыз ететініне сенімдіміз», – деп атап өтті «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Ә.Жанасова.

Әсел Жанасова іссапар барысында Vietjet Airlines компаниясының және басқа да жеке бизнес өкілдерімен кездесті. Мұндай кездесулер екі елдің бизнес қауымдастықтары арасындағы байланыстарды нығайтуға және ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді.