Қазақстан тұрғындары енді кез келген уақытта Яндекс Карты арқылы сұлулық салондарына жазыла алады

Яндекс Карты навигациялық қолданбасында Қазақстанның сұлулық салондары мен барбершоптарына онлайн жазылу функциясы пайда болды.

Жүздеген салондар пайдаланушыларға Яндекс Карты арқылы онлайн жазылуға мүмкіндік берді: сәйкес түйме ұйым карточкасында пайда болды. Қай салондар шаш қиюға, маникюрге, массажға және басқа қызметтерге тікелей қолданбадан жазылуды ұсынатынын көру үшін Карты қолданбасындағы іздеу бөлімінен «Сұлулық салондары» санатына өтіп, «Онлайн жазба» сүзгісін таңдаңыз. Жай ғана «Онлайн жазылу» түймесін басып, онда сәйкес салонды, қызметті, күнді, уақытты және шеберді таңдай аласыз. Баратын күні Яндекс Карты қолданбасында маршрут құрып, салонға дейін машинамен, қоғамдық көлікпен не жаяу барудың ең жылдам жолдарын таңдауға болады.

Барлық жазба пайдаланушы профилінде сақталады. Салонға жаңадан жазылу үшін бұрын барған кездер туралы ақпарат көрсетілген «Жазбалар және брондаулар» бөліміне өту жеткілікті. Егер жоспарыңыз өзгерсе, профильде жазбаны ауыстыруға не бас тартуға болады.

«Яндекс Карты қолданбасындағы онлайн жазылу түймесін Қазақстанның ірі қалаларындағы жүздеген сұлулық салондары қосып үлгерген және мұндай ұйымдар саны арта бермек. Функция танымал желілік орындарда да, «үйдің жанындағы» салондарда да пайда болады және клиенттер тәуліктің кез келген уақытында қажетті қызметке жып-жылдам жазыла алады», – дейді Алмаз Саденов, Яндекс Карты сервисінің Қазақстандағы басшысы.

Онлайн жазбалар iOS және Android жүйелерінде Яндекс Карты қолданбаларында қолжетімді. Яндекс Карты қолданбасын Google Play Market немесе AppStore дүкенінен жүктеп алуға болады.