Қазақстанда IT-стартаптар арасында Underdog Tech Award сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды

inDrive мобильді және қалалық қызметтердің жаһандық платформасы Underdog Tech Award халықаралық сыйлығына өтінімдерді қабылдауды бастағанын хабарлайды. Бұл сыйлық ірі технологиялық агломерациялар мен стартап-қауымдастықтардан алыс құрылған технологиялық стартаптарды қолдауға бағытталған. Өтінімдерді қабылдау 19 қыркүйектен басталады.

Underdog Tech Award сыйлығы IT-технологиялар саласындағы стартаптарға қолдау көрсету мақсатында құрылған. Бұл сыйлық орналасқан жеріне байланысты ресурстары шектеулі, қаржыландыру мен маңызды іс-шараларға қол жетімділіктің болмауы сияқты қиындықтарға тап болған стартаптарға көмектеседі.

Underdog Tech Award ірі IT-хабтардан тыс, ерте сатыдағы технологиялық стартаптарға ашық. Қатысатын стартаптардың шешімдері қазірден бастап өз қауымдастықтарына айтарлықтай оң әсер ететін немесе соған әлеуеті бар болуы шарт. Сонымен қатар басқа елдерге тез таралуға мүмкіндігі болуы керек.

Бірінші іріктеу кезеңі 19 қыркүйекте басталып, 2023 жылдың 1 желтоқсанында аяқталады. Іріктеу барысында барлық өтінімдер қаралады.

2023 жылдың желтоқсанында басталатын екінші кезеңде сыйлыққа үміткерлер мен қысқа тізімге енген 20 үміткер анықталады.

«Біз inDrive-те әрқашан адамдарға назар аударамыз, адамның әлеуетін іске асыруға және білім мен басқа да әлеуметтік игіліктерге қол жетімділікті арттыруға ұмтыламыз. Әсiресе, бастапқыдан қажет нәрсеге қол жеткізе алмаған немесе мүмкiндiгi шектеулі адамдарға қолдау көрсету өте маңызды. Қазірдің өзінде бізде IT саласындағы әйелдерге арналған Aurora Tech Award сыйлығы бар. Ал енді біз inDrive-тың өзі сияқты андердогтар үшін сыйлық ұйымдастырдық. Біз әлемді жақсартатын инновациялық стартаптарды қолдауға тырысамыз және олардың өсуі мен дамуы үшін қажетті платформа мен қаржылық қолдау көрсете алатынымызды мақтан тұтамыз,» — дейді Underdog Tech Award жетекшісі Екатерина Смирнова.

Underdog Tech Award – бұл стартапқа арналған сыйлық, оған жеңімпаздарға ақшалай сыйақы ғана емес (сыйлық қоры $60 мың), сонымен қатар қосымша бонустар да кіреді. Өтініш берген барлық стартаптар венчурлық капитал мен инвестициялық қорлардан құнды пікірлер алады, ал іріктеуден өткен үміткерлер сыйлықтың қазылар алқасынан да кері байланыс алады. Қаржыландырудан басқа, марапат иелері PR қолдауға ие болады және өз салаларындағы сарапшылардан оқыту мүмкіндігін алады.