Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артты
Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артып, 91 адамда вирус анықталды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3 ақпандағы жағдай бойынша індетті жұқтырудың 91 жағдайы тіркелген. Тағы 9 жағдайда дәрігерлер ПТР тестісінің теріс нәтижесімен коронавирус белгілері бар пневмония диагнозын қойды.
1556 адам ем алуды жалғастыруда.
Олардың ішінен :
- жағдайы ауыр – 6 науқас,
- өте ауыр жағдайда — 1 науқас,
- жасанды тыныс алу аппаратында – 1 науқас.
2 ақпанда қазақстандық дәрігерлер бір тәулікте коронавирус жұқтырған 62 жаңа жағдайды тіркеді.
Дереккөз: Zakon.kz