Қазақстанда Рубик текшелерінен үлкен панно құрастырылды

«Достық Плаза» сауда және ойын-сауық орталығында аумағы 10 шаршы метрді құрайтын панно жиналды.

«Достық Плаза» орталығына келушілері «Kazakhstan Speedcubing Federation» үкіметтік емес ұйымының өкілдерімен бірлесіп, текшелердің белгілі бір түстерін пайдалана отырып, классикалық рубик текшелерінің панносын салды. Бас аяғы 10 сағатқа жуық уақыт кетті.

Рубик текшесі — венгр сәулетшісі және мүсінші Эрно Рубик 1974 жылы ойлап тапқан механикалық басқатырғыш. Классикалық 3 x 3 x 3 рубик текшесінде 43 квинтилионнан астам түрлі комбинациялар бар.

Іс-шара Sulpak дүкендерінде Galaxy S23 Ultra сатылымының басталуына ұйымдастырылды. Жаңа сериядағы смартфонның салмағы 233 г және төрт түсте ұсынылған: Phantom Black, Green, Lavender және Cream. Экологиялық таза материалдарды пайдалану арқылы смартфон тарихта бұрын соңды болмаған ең экологиялық таза құрылғы етеді.

Қазақстан сиқыршылар клубының негізін қалаушы, иллюзионист, Гиннестің рекордтар кітабының 4 рет иегері Жеңіс Айтжанов:

«Дәл осындай панно жасау идеясы бұрыннан ойымда болған. Мен рекордтық жұмыстарымның қатарын толтырғым келіп, оны командамен жасағым келді. Мақсатымызға жету үшін біз сауда орталығының қонақтарымен және «Kazakhstan Speedcubing Federation» өкілдерімен бірге текшелерді жинадық. Осы идеяны қолдап, жүзеге асыруға қолдау білдірген демеушілерге алғысым шексіз. Рубик текшелерінің панносы жаңа Galaxy S23 сериясының экранының ең жоғары ажыратымдылығымен байланысты»

Панно жасау үшін 3100 текше қажет болды. Онда қолында телефон ұстаған жас жігіт бейнеленген. Рекорд Қазақстанның рекордтар кітабына ресми түрде тіркелді.

Рекорд сертификатын Қазақстан рекордтар кітабы деп аталатын Қазақстандық ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалықтың (ҚАЭА) Іс қағаздарын тіркеу департаментінің директоры Бақытжан Тастүлеков табыс етті.

Әлемнің 50-ден астам елі өздерінің ұлттық рекордтар кітабын шығарады. Қазақстандық рекордтар кітабына денсаулыққа зиян «жетістіктер» енгізілмейді. Бұл кітаптың шетелдік аналогтардан ерекшеленетін тұсы. Кітапта тек Қазақстан тұрғындарының жетістіктері қамтылған.