Қазақстанда жасөспірімдердің жаңа футбол лигасы іске қосылды

QJ League ашылуы-Қазақстан футболының даму тарихындағы маңызды кезең. Лига Қазақстандағы ұлттық маңызы бар жоба болмақ: турнирге бірнеше жыл бойы еліміздің барлық өңірлерінен  жас футболшылар қатысады.

Турнирдің бірінші маусымына 18 жасқа дейінгі 12 команда қатыспақ. 2025 жылы QJ лигасында ұлдар үшін алты лига (үш жас санатына  орай екі лига), сондай-ақ қыздар үшін бір лига болады, деп жоспарлануда. Жалпы, жарысқа 70-тен астам команда мен 3000 спортшы қатысады.

QJ League-2023 қатысушыларының құрамы: «Ақсу» (Павлодар облысы), «Ақтөбе», «Астана», «Атырау», «Жас Қыран» (Алматы), «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда), «Каспий» (Ақтау), «Оңтүстік» (Шымкент),» Ордабасы «(Шымкент),» Тараз», «Шахтер » (Қарағанды).

Күнтізбесі келесідей: QJ League -де 2023 жылғы маусымда 132 матч өтеді. Турнирдің әр командасы 22 матч өткізеді (үйде және сыртта- 11-ден). Маусым қазан айында аяқталады.

Бұған дейін жасөспірімдер командаларында бірнеше айда бір рет жарыста өнер көрсететіндері болмаса, тұрақты ойын тәжірибесі болмаған. QJ League-де матчтар апта сайын («үйде-сыртта» форматында) өткізіледі, бұл футболшыларға кәсіби футбол талаптарына бейімделуге мүмкіндік береді.

Жасөспірімдер арасындағы жарыстың мұндай  форматы Батыс Еуропаның барлық дамыған футбол елдерінде қолданылады.

Кәсіби төрешілік: турнирдің барлық матчтарында қазақстандық Футбол федерациясынан  біліктілігі бар төрешілер жұмыс істейтін болады. Qj League төрешілердің логистикалық шығындары мен жалақысын өз мойнына алады.

Логистика: клубтар көшпелі матчтар кезінде жол жүру және  қонақ үйлерде  тұру шығындарын көтермейді. QJ League команданың 22 мүшесінің   билеттерінің ақшасын, сондай-ақ жайлы қонақүйлердің,  алдын ала жасалған мәзірден дайындалған теңгерімді, әрі  күніне  үш рет  берілетін тағамның ақысын төлейді.

Трансляциялар: матчтарды түсіру-6-12 камерадан (қазақстандық Премьер-лига деңгейі). Турнир ойындарын Qazsport, Qsport және Setanta Qazaqstan республикалық спорт телеарналарынан, сондай-ақ лиганың ресми youtube-арнасынан  тікелей эфирде  көруге болады.

Цифрландыру: QJ League турнирге қатысушылар туралы барлық ақпаратқа нақты уақыт режимінде қол жеткізуге болатын өз сайтын іске қосады.

Жаттықтырушылар мен ойыншылар сайтта аналитикалық жүйеге қол жеткізе алады, бұл жаттығу  процесін жетілдіруге және болашақта нәтижелерді жақсартуға мүмкіндік береді. Аналитикалық ақпаратты жинаумен футбол статистикасы саласындағы әлемдік көшбасшы Hudl компаниясы айналысады.

Қаржыландыру: QJ League өткізу бойынша барлық шығындарды өз мойнына  лиганың Бас серіктесі — Freedom Holding Corp алып отыр.

Турнирдің басталуы: маусымның алғашқы матчы 22 сәуірде «Астана Аренада» сағат 17:00-де өтеді.

ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов:

«QJ League мақсаты-Ұлттық құрамаға сапалы резерв дайындау. Бұл біздің стратегиямыздың бір бөлігі болып табылатын балалар футболын дамытудың негізгі жобаларының бірі. Осы жоба арқылы біз дарынды балаларды дайындауға көмектесетін жарыс жүйесін құрамыз. Бұл біздің жас жігіттер үшін кәсіби футболдағы алғашқы қадам  болады»

Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры., QJ League қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов:

«QJ League — бұл ҚФФ және ҚКФЛ бізбен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асыратын үлкен әлеуметтік жоба. Біздің ортақ мақсатымыз — қазақстандық футболды және жастарымызды дамыту. Біз тек футболшылар туралы ғана емес, жаттықтырушылар, төрешілер, менеджерлер және спорт индустриясындағы басқа да сұранысқа ие мамандар туралы айтып отырмыз.

Қазақстанда футболға, әсіресе өңірлерде үлкен әлеуметтік сұраныс бар. Біз 12 командадан бастаймыз, бірақ бір жылдан кейін QJ Лигасы елдің барлық аймақтарынан командаларды қамтиды, ал екі жылдан кейін лигада бірнеше мың жас спортшы болады. Футболда  нәтижені дәл бірден, дәл қазір ала алмайсыз. Біз соның  іргетасын  қалап жатырмыз, бірақ жақын арада QJ лигасын іске қосудың пайдасын көретінімізге сенімдіміз»

ҚКФЛ  және QJ Лигасының президенті Рохус Шох:

«Қазақстанда көптеген дарынды балалар бар, бірақ олардың өздерін толық көрсетуге  мүмкіндіктері әрдайым  бола бермейді. QJ лигасын құру арқылы біз оларға дамуға мүмкіндік береміз.

Балалар футболының дамуына жүйелі түрде қарау керек, әйтпесе оң нәтижеге жету қиын болады. QJ League- қазақстандық футболдағы революция іспетті, енді біздің ұлдар 100% кәсіби деңгейде ұйымдастырылатын турнирге қатысады.

Біз матчтарды ұйымдастырумен және таратумен ғана емес, сонымен қатар барлық процестерді цифрландырумен, жаттықтырушылар мен менеджерлерді оқытумен де айналысатын боламыз. Бұл үлкен назар аударуды және толық шоғырлануды қажет ететін үлкен және өршіл жоба.

QJ League бүкіл қазақстандық футбол үшін ерекше триггер болатынына, оның дамуына көмектесетініне сенімдімін. Мен өзім еліміздегі  футболды  өңірлерінің бірі Тараздан келдім. Онда өстім, футбол ойнауды үйрендім, тамаша жаттықтырушылар білгендерін үйретті, білім алдым. Осыдан көп  жыл бұрын туған қалам маған футболда өзімді танытуға мүмкіндік беріп еді.  Мен  де осы  жобадан өзім үшін қазақстандық жастарға футболда өзін-өзі  көрсетуге  мүмкіндік беру ықтималдылығын көріп отырмын»