Қазақстандық параатлетші Дастан Мұқашбеков Париждегі Паралимпиадаға жолдама жеңіп алды

Ол жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қола медаль иегері атанды. Дастан 15.74 м нәтижесімен ядро итеруде үшінші орын алды.

Турнир Парижде 8-17 шілде аралығында өтеді. Жарысқа әлемнің 107 елінен 1200-ден астам спортшы қатысады. Қазақстан атынан Дастан Мұқашбеков пен Салтанат Әбілхасымқызы өнер көрсетеді. Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты-бұл іріктеу турнирі, онда алғашқы 4 орынға ие болған спортшылар XVII Жазғы Паралимпиадаға жолдама алады.

          ҚР МСМ Баспасөз қызметі