Қазақстанның 9 миллионнан астам тұрғыны BTS Digital сервистерін таңдайды

BTS Digital өзінің бес жылдығын атап өтуде. Осы 5 жыл ішінде компания GovTech, FinTech, eCommerce және қашықтағы биометрия салаларында жаңа өнімдер мен сервистер экожүйесін қалыптастырды. Экожүйеде күнделікті өмірге, бизнес жүргізуге, адамдарға көмек көрсететін мемлекеттік сервистерге арналған жобалар іске асырылады.

Aitu-дың іске қосылғанынан бері 3 жылдан астам уақыт өтті. Аталған кезеңде мессенджердің функционалы суперқолданба деңгейіне көтерілді. Қазір Aitu экожүйесінің құрамында төмендегі сервистер бар:

  • Aitu Музыка;
  • Aitu Әмиян;
  • Aitu Games ойын платформасы;
  • Salem Social Media-ның эксклюзивті контентін қамтитын Aitube видеохостингі;
  • Мемлекеттік сервистер: eGov электрондық үкіметі, eOtinish меморгандарға ресми өтініш беру сервисі және e-Tutynushy тұтынушылар құқықтарын қорғау сервисі;
  • 47 шағын қолданбадан тұратын платформа;
  • Aitu Викторина;
  • Dosmart кэшбэк сервисі.

Суперқолданбаның танымалдығы оның түрлі рейтингтерден бой көрсеткенімен ерекшеленеді. Айталық, 2022 жылы Aitu алғаш рет Қазақстанның 25 үздік мобильді қолданбасы сайысына түсіп, 4-орынды иеленді. Былтырғы жылы суперқолданба 10-орынмен ТОП-10 қолданба қысқа тізіміне еніп, «Ойын-сауық» және «Сервистер» санаттарында дипломдармен марапатталды. Aitu AppStore, Google Play және App Gallery қолданбалар дүкендерінде, сондай-ақ aitu.io сайтында қолжетімді.

Тиімді сауда жасаудағы шопинг көмекші Dosmart Aitu экожүйесінде 2020 жылдың ортасында пайда болды. Бүгінде жеке қолданба сервистері түрінде қолжетімді. Сервистің жұмысы барысында оны 800 000-нан аса ел азаматы таңдаған, ал берілген кэшбэктердің жалпы сомасы 450 миллион теңгеден асады. Қолданба FMCG, Pharma нарығы ойыншылары арасында және қарапайым пайдаланушылар арасында танымал. Ілгерілеу тұрғысынан  Dosmart командасы жарнаманы емес, тек органикалық трафикті пайдаланады, пайдаланушылар базасы да тұрақты өсіп келеді. Қазіргі уақытта сервисте дәрі-дәрмек пен азық-түлік өндірушілерінің белсенділіктері жұмыс істеуде, десек те команда онымен шектелмек емес,  жаңа бағыттарды іске қосып, өнімді жетілдіре түспек. Dosmart Aitu суперқолданбасында, AppStore, Google Play қолданбалар дүкендерінде және app.dosmart.kz сайтында қолжетімді.

«Бес жылғы жұмысымыздың барысында біз дұрыс құрылған стратегия мен жақсы сарапшылар тобы жас IT-стартапты инновациялық сервистер әзірлеу компаниясы деңгейіне көтере алатынын дәлелдедік. Бизнеске және тұтынушыларға арналған шешімдеріміз Қазақстанның IT саласында жетекші орындарға ие, ал мессенджеріміз Aitu суперқолданбаға айналып, миллиондаған қазақстандық тұрғынға танылды. BTS Digital өнімдері мен қызметтерін барлығы 9 миллионнан аса ел тұрғыны пайдаланады. Алдағы уақытта да адамдардың өмірін жақсартатын шешімдер құруды жалғастырмақпыз, өйткені ол біздің миссиямыз», — деп түсіндірді компания басшысы Нұртай Әбілғалиев.

BTS Digital GovTech сервистер әзірлеуді белсенді қолға алуда. Компания мамандары eGov-қа, сонымен қатар мемлекеттік органдарға ресми өтініш берудің eOtinish бірыңғай терезесі платформасына және e-Tutynushy тұтынушылар құқығын қорғау платформасына кіріктірілген Digital ID биометриялық деректер бойынша азаматтарды онлайн-сәйкестендіру бірегей софтын әзірледі.

2021 жылдың 1 шілдесінде жоба іске қосылған сәттен бері eOtinish платформасы тарапынан азаматтардың және бизнес өкілдерінің 2 500 000-нан аса өтініші қабылданып, өңдеуден өтті. Ай сайын сервиске Қазақстан Республикасының  200 000-нан астам тұрғыны жүгінеді. eOtinish арыз иелеріне жолданымның қаралу барысын қадағалау, өтініштерге шағымдану және сотқа талап қою мүмкіндіктерін ұсынады. Платформа eGov mobile мобильді қолданбасында, Aitu суперқолданбасында және eotinish.kz сайтында қолжетімді.

Aitu экожүйесін авторизация, сәйкестендіру және бұлтты қол қою бірыңғай сервисі — Aitu Passport, экожүйе пайдаланушысының бірыңғай жеке кабинеті біріктіреді. Aitu экожүйесінің өнімдерінен бөлек ол, сондай-ақ, ірі компаниялар қызметтеріне кіріктірілген және пайдаланушыларды қашықтан сәйкестендіруге, құжаттарға Face ID арқылы онлайн қол қоюға көмектеседі. Сервис Freedom Finance Bank, Jusan Bank, MyCar, BI Group секілді 50-ден аса өнім құрамында жұмыс істейді,  онда пайдаланушыларға жарты миллионға жуық рет құжаттарға қашықтан, қауіпсіз әрі NCA Layer-сіз қол қоюға көмектесті.