Қазақстанның цирк әртістері қолаға ие болды!

Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері Қазақстан Санкт-Петербургте өткен «Без границ» екінші халықаралық цирк өнері фестивалінде қола жүлдені жеңіп алды.
Фестивальге барлығы 16 елден әртүрлі жанрдағы 200 өнерпаз қатысты.

Әділет Тикановтың жетекшілігімен «Қос діңгектегі акробаттар» номерін орындаған «Хассак» тобы фестивальде жоғары дәреже мен кәсіби дайындықты көрсетті.